Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

981102
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Әлемнің ең үлкен әуежайында алғашқы тест жасалды» деген хабарға орын берген. Газет Стамбулда салынып жатқан жаңа әуежайында алғашқы тесттің жасалғанын жазған.

Хабар Түрік газеті «Анталияда қонақүйлер маусым айында туристтерге лық толды» атты тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда туризм секторының маусым айын өте қарбалас өткізетінін баяндады. Газеттің хабарына қарағанда саяхатшылар  24 маусым президенттік сайлауынан бұрын 3 жарым күндік Ораза айт демалысында туризм аймақтарына барады. Туризм секторы өкілдері Ораза айт демалысы үшін адамдардың баста Анталия болып, Эгейде де Бодрум, Чешме, Мармарист, Кушадасы сынды демалыс орындарына баруға дайындалғанын мәлімдеді. Әсіресе шетелдік туристтер Анталияға өте қызығуда. Сондықтан Анталияда Ораза айт кезінде қонақүйлер лық толады.

Ватан газеті хабарын «Араб зиялылар түрік туризміне қолдау көрсетуде» деген тақырыбымен берген. Газет Араб зиялылардың Твиттер парақшасында түрік туризміне қолдау көрсету үшін кампания бастағанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда Катар, Кувейт және Оманның атақты зиялылары «Жазғы демалысыңызды Түркияда өткізетін болсаңыз тіпті керемет» деген кампания арқылы адамдардың жазғы демалыстарын Түркияда өткізулерін ынталандыруда. Твиттер парақшасындағы кампанияда Түркияның түрлі аймақтарындағы фотосуреттер мен таныстыру мақалалар орын алуда. Кувейттік Абдулхамид әл-Билали Твиттер парақшасында Шығанақ елдері азаматтарының жазғы демалыстарын Еуропаның орнына Түркияда өткізгісі келгенін білдірді. Ол Түркияда демалыс өткізгенде мұсылман бір ел болғандықтан тамақ, салт-дәстүр және ғибадат жақтардан қиыншылық шекпейтінін және қонақ үйлер мен ішіп-жеудің тіпті арзан екенін айтты.

Йени Шафак газеті «Мангала Еуропа чемпионатына Түркия үй иелігін жасайды» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Мангала Федерациясы тарапынан ұйымдастырған Anatolia Open 2018 Зияткерлік ойындары фестивалы 7 елден 200 ойыншылардың қатысуымен Анталияда ұйымдастырылды. Қараша айындағы Мангала Еуропа чемпионатына Түркия үй иелігін жасайды.

Сабах газеті «Түркия Иранды 2 голмен жеңді» деген тақырып қолданған. Газет Түркия Ұлттық Футбол командасы дайындық матчында Иранмен үзенгі қағыстырғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Түркия Ұлттық Футбол командасы қарсыласын Женк Тосынның голдарымен жеңді.

 


Этикеттер: #Анталия , #Катар , #Кувейт

Ұқсас жаңалықтар