Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

944175
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Тарихи күн! Аккую атом стансасының іргетасы қаланды» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда Түркияның алғашқы атом стансасы болатын Мерсиндегі Аккую атом стансасының іргетасын президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин бірге қалады. Рәсімде сөз сөйлеген президент Ердоған «Бүгін әрі еліміздің дамуы,  әрі Ресей Федерациясымен энергиядағы серіктестігіміз үшін тарихи сәтке куә болып отырмыз» деді.  Ресей президенті Путин болса Аккую стансасының қауіпсіз және қоршаған ортаға дос болатынын айтты.

Сабах газеті президент Ердоғанның орыс тілінде твит жариялағанын білдірген.  Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Аккую атом энергиясы стансасының іргетасы үшін ұйымдастырылған рәсімде бас қосты.  Рәсімнен кейін президент Ердоған Твидтер есебінен түрік және орыс тілдерінде жазба жариялады.  Ердоған «Еліміздің 30 жылдық арманы Аккую АЭС Түркияның дамуы және Ресеймен энергия саласындағы серіктестігіміз үшін тарихи инвестиция. Осы инвестицияның жүзеге асырылуына еңбегі сіңген азаматтарға алғыс айтамын, барлық лауазым иелерін құттықтаймын. Аккую АЭС-ті 2023 жылы қызметке енгізу мақсаты үшін бірге жұмыстануды жалғастырамыз.  Ресеймен аймақтық проблемалар бойынша ынтымақтастығымызды да арттырып жалғастырамыз» деді.

Йени Шафак газеті «S-400 тақырыбында келістік» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.  Екі басшы S-400 зымыран жүйесі тақырыбына тоқталып,  Ердоған «Келістік, біз бұл мәселені шештік. Енді осы тақырыпта өндіріс сатысы жүріп жатыр» деді. Путин де «Жүйені ерте тапсыруға шешім бердік» деді.

Стар газеті «Түркияға S-400 жүйесін беру – әскери ынтымақтастықтың басымдығы» деген тақырып қолданған.  Президент Ердоған Ресей басшысы Путинмен Анкарада бас қосты. Кездесуден кейін Путин «Түркияға S-400 жүйесін беру –  Мәскеу мен Анкара арасындағы әскери ынтымақтастықтың басымдығы» деді.

Хабер Түрік газеті Ғылым, өнеркәсіп және технология министрінің сөздеріне орын берген.  Министр Фарук Өзлү Стамбулда бір жиналысқа қатысты.  Министр осында «Бұдан бұрынғы өнеркәсіп төңкерістерінің ізінен жүріп отырдық.  Артынан олқылықтарымызды түгендеуге тырыстық. Енді жетістіктерді алыстан қарайтын,  артынан еретін ел емес,  сол өзгерістердің басты актерлерінің бірі боламыз.  Түркияәлемнің «күту залынан» шықты.  2023 жыл үшін жоспарланған миссиямыз осы бағытта. Мақсаттарымызды жүзеге асыру үшін енді күтпейміз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар