Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

938387
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Еуропа Одағынан күшті қолдау күтеміз» деген хабарға орын берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның  Болгарияның Варна қаласында болған Түркия-Еуроодақ саммитінен кейін өткізген баспасөз мәслихатында сөз сөйлегенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған саммиттен кейін жасаған мәлімдемесінде «Терроризмге қарсы күресіміз сонымен бірге Еуропаның қауіпсіздігі үшін.  Террор операциялары қажет болғанынша жалғасады. Келіңіз күшті, бай және тұрақты Еуропаны бірге гүлдендірейік »деді.

Хабар Түрік газеті «Зәйтүн бұтағы операциясы Телль-Рыфат және Манбидж арқылы жалғасады» атты тақырып қолданған. Газет Түрік Қарулы Күштері мен Еркін Сирия Армиясының Евфрат қалқаны операциясымен бастап, Зәйтүн бұтағы операциясымен табысқа жеткенін, сондай-ақ операциясының Телль-Рыфат және Манбидж арқылы жалғасатынын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Түрік Қарулы Күштері мен Еркін Сирия Армиясы Халебке 30 километр қашықтықта қауіпсіз бір аймақ құруда. Телль-Рыфат және Миннаг сынды маңызды бір логистикалық базасына да үй иелігін жасауда.

Йени Шафак газеті хабарын «Манбидж түрік әскерлерін гүлдермен қарсы алады» деген тақырыбымен берген. Газет Сирияда бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD/YPG жаулауы астындағы қаладан Түркияға «Бізді террористтерден құтқарыңдар» деген үндеу келгенін мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда соңғы үндеу Манбиджтегі маңызды тайпа лидері Абдулкерим әл-Фаххелден келді. Фаххел халықтың Түрік Қарулы Күштері мен Еркін Сирия армиясын күткендерін және әскерлерді  гүлдермен қарсы алатынын айтты.

Стар газеті «Вашингтон әкімшілігі Патриот ұсынысын жасады» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда үкімет мәлімдемешісі Бекир Боздағ президент Режеп Тайып Ердоған мен Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп арасындағы кездесуде күн тәртіпке келген АҚШ-тың Түркияға әуе қорғаныс жүйесі Патриот зымырандарымен қамтамасыз ету тақырыбын түсіндірді. Боздағ "Патриот сату ұсынысының Трамптан келгенін айтты. Боздағ Құрметті Трамп президент Режеп Тайып Ердоғанға «Біз сіздерге Патриот зымыран қорғаныс жүйесін бере аламыз» деген кезде, құрметті президентіміз де «Біз де әуе қорғаныс жүйемізді күшейтудеміз. Түркия АҚШ-тан  Патриот зымыран қорғаныс жүйесін алуы мүмкін» деген сөздерге орын берілді.

Хүрриет газеті «ANKA-ның ұшу және қону жүйесі де отандық болды» деген тақырып қолданған. Газет Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі TAİ өндірген жергілікті және отандық ұшқышсыз әуе көлігі ANKA-ның ұшу және қону жүйесі де отандық болғанын жазған.

 


Этикеттер: #Еуропа , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар