Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

902129
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Операция табысты түрде жалғасуда» деген хабарға орын берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның Анкарада Африн операциясы тақырыбында мәлімдеме жасағанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ердоған «Операция табысты түрде жалғасуда. Батыс әлемі де бізді мойындауда. Операция аяғына дейін жалғасады. Түркияның нысанасы PKK мен YPG-ді жою» деді.

Хабар Түрік газеті «59 жылдан кейін Түркия Республикасы президенті Ватиканға барады» атты тақырып қолданған. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның 4-5 ақпан күндері аралығында Папа Францисктің қонағы ретінде Ватиканға баратынын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Ватиканда Ердоған алдымен Папа Францискпен бас қосады, одан кейін Римде Италия Президенті Серджио Маттарелламен кездеседі. Президент Ердоғанның Ватиканға сапары 59 жылдан кейін президент деңгейінде өткізілетін алғашқы сапар болмақ.

Хүрриет газеті хабарын «Путин өзі қадағалайды» деген тақырыбымен берген. Газет Сыртқы істері Мәвлүт Чавушоғлұның Анкарада баспасөз жиналысында мәлімдеме жасағанын жеткізген. Чавушоғлұ террорист Михрач Уналдың Сочи саммитіне қатысушылар арасында болуына орай «Бізге берілген тізімдерде бұл террористтің аты жоқ. Бұл тақырыптағы мазасыздығымызды Ресейге жеткіздік. Бұл тақырыпты Путин өзі қадағалайтын болды. Ресей қажетті жұмыс істегеннен соң бізге жауап береді» деді.

Сабах газеті «Түркия тағы бір үлкен табысқа қол жеткізді» атты хабарға орын берген. Газет Түркияның әуе қорғаныс жүйесінде маңызды міндет атқаратын шағын биіктіктегі әуе қорғаныс жүйесі HİSAR A-ның сынағы болып өткенін жариялаған. Газеттің  хабарына қарағанда HİSAR A-ның сынақ атуы Ұлттық Қорғаныс министрі Нуреттин Жаниклинің қатысуымен Зымыран өнеркәсібі және сауда фирмасы ROKETSAN мен Әскери электроника  өнеркәсібі тарапынан Аксарайда табысты түрде жүзеге асырылды.

Йени Шафак газеті «Түркия 5 айда 150 мың тонна орман жаңғағы экспорттады» деген тақырып қолданған. Газет Түркияның әлем орман жаңғағы өнімдерінің 75 пайызына ие екенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Түркия 2017-2018 экспорт маусымының бес айында 150 мың 473 тонна орман жаңғағы экспорттады. Қаратеңіз орман жаңғақтары және экспортшылар одағынан жасалған мәлімдемеде жасалған экспорт  арқылы 958 миллион 260 мың 171 доллар кіріс түсіргенін түсіндірді. 



Ұқсас жаңалықтар