Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

850869
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Мәселе өзім емес, нысана Түркия» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Байбуртта жабық спорт кешенінде болып өткен 6-шы кезекті қалалық конгресінде жасаған баяндамасында НАТО әскери жаттығуында әрі республикамыздың құрушысы Гази Мұстафа Кемал Ататүрік пен өзімнің фотосуретін әскери жаттығу кезінде нысана тақтайшасына қойып, үлкен бір скандалға қол таңба қалдырды. Бүгінге дейін бізге жасалған шабуылдарды жасыра алмағандары бір қуанышпен қарсы алғандар енді Ататүрікті де іске қосқанда, мәселенің өзегін түсінгенін үміт етемін. Енді баршамыз да өте жақсы білеміз, мәселе тұлғалық емес, мәселе партиялық та емес. Нысана – Түркия, түрік ұлты» деді.

Хүррийет газеті «Түркияның НАТО-ға кешірім сұрау жауабы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуроодақ министрі және Бас келіссөз жүргізуші Өмер Челик НАТО әскери жаттығуындағы «Ататүрік және Ердоған дұшпандығы» скандалына байланысты «Фетуллахшы террор ұйымы мемлекеттік параллельді құрылымы» (FETÖ/PDY) бүкіл болмысын Түркияға зиян келтіру, Түркияда бір қатар болымсыз жаңалықтарға әсер ету үшін қолданады. Бұл (НАТО жаттығуындағы «Ататүрік және Ердоған дұшпандығы» скандалы) олардың әдісіне өте ұқсас» деді. Челик Канадада өткізілген 9-шы Halifax халықаралық қауіпсіздік форумында жасаған баяндамада Түркия Республикасының құрушысы Мұстафа Кемал Ататүрік пен президент Режеп Тайып Ердоғанға бағытталған бұл дұшпандық әрекетінің ешқандай кешірілмейтінін жауап ретінде қайтарғандарын атап көрсетті.

Ватан газеті «Үш ел Сирия үшін келісті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сирияда 5 жылдан астам уақыттан бері жалғасқан азаматтық соғысқа тұрақты шешім табу үшін Түркия, Ресей және Иран басшылары 22 қараша күні Сочиде бас қосады. Бұл келіссөздің алдында 3 елдің Сыртқы істер министрлері Анталияда бас қосты. «Тараптар барлық тақырыпта келісті» деген мәлімдеме жасалды.

Стар газеті «Теңізге салынған екінші әуежайында жаңа рекорд» атты хабар жариялаған.

Стар газеті «Теңізге салынған екінші әуежайында жаңа рекорд» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арслан Түркияның екінші, әлемнің үшінші теңізге жасалған Ризе-Артвин әуежайының тағы 8-10 метр тереңдікке салынатынын, мұның жаңа бір рекорд екенін білдірді. Құрылыс жұмыстары жалғасқан әуежайы құрылысын аралаған Арслан жасаған мәлімдемеде әуежайдың Түркияның маңызды жобаларының бірі екенін, уақытша 390 метрлік бір молдың (портқа кіретін жерде салынған құрылыстар) біткенін, жобаның аяқталуымен мұныңда алып тасталатынын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар