Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

807853
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Президент Ердоғанның дауыс бермеңдер деген үндеуіне мыңдаған адам құлақ асты» деген хабарға орын берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның «Түркияға дос болмағандарға дауыс бермеңдер» деген үндеуінен кейін Германиядағы басты партиялардың қатты алаңдағанын жариялады. Газеттің хабарына қарағанда 24 қыркүйекте өткізілетін парламент сайлауы қарсаңында Германиядағы басты партиялар түрік текті сайлаушылар үстінде Ердоғанның қатты ықпал жасайтынынан қатты алаңдауда. Германияның сайлау заңында 2000 жылы жасалған бір өзгерістер арқылы дауыс беру құқығы болған түріктер санының соңғы 10 жылда 2 есе көбейді және түрік сайлаушылары маңызды орын алды. Ердоғанның үндеуімен мыңдаған сайлаушы көзқарасын өзгертуде.

Ватан газеті «Чавушоғлұ күш қолданудан тартынбаймыз» атты тақырып қолданған. Газет Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның Анкарада сапарда болған Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дрианмен бірге ортақ баспасөз мәслихат өткізгенін хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда Мәвлүт Чавушоғлұның мәлімдемесінде Ирак күрд аймақтық әкімшілігінде 25 қыркүйекте өткізілетін референдум да бар еді. Референдумнің Ирактың территория тұтастығын бұзатынына және аймақта жаңа бір былықпаның шығатынын түсіндірген Чавушоғлұ «Барша біздің қадам басуымызды күтуде, америкалықтар да бұның ішінде. Біз күш қолданудан тартынбаймыз» деген сөздер қолданды.

Йени Шафак газеті хабарын «25 мың әскермен Идлибке кіріледі» деген тақырып қолданды. Газет Қазақстанның елордасы Астанада ұйымдастырылған Сирия тақырыпты 6-шы кездесулерінде оппозициялардың қолындағы Идлиб қаласының болашағына байланысты шешімдер жасалды. Америка Құрама Штаттарының Әл-Каида жалғанымен шабуылға дайындалған қалада қауіпсіздікті Түркия, Ресей және Иран қолдауындағы Сирия жасақтары қамтамасыз етеді. Ұзақ уақыттан бері аймаққа қарата операцияға дайындалған Түрік Қарулы Күштері Идлибте қайсы алаңды бақылау астына алатыны да Астанада белгілі болады. Газет сонымен қатар  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Біріккен Ұлттар Ұйымы шешім жасаған жағдайда Сирияға әскер жіберуім мүмкіндігі жайлы көзқарасына орын берген.

Стар газеті «Үлкен жобалар үшін Түркияға келуде» атты хабарға орын берген. Газет Түркияның көпір, кемежай, жол және аурухана жобасында мемлекет пен жеке сектор бірлесу тақырыбындағы тәжірибесінен пайдаланғысы келген елдердің Стамбулға келгенін жариялаған. Газеттің хабары бойынша бір украиналық делегация 18-23 қыркүйек күндері аралығында Түркияда болады. Бірқатар үлкен жобалар арқылы өз азаматтарының тұрмыс жағдайын жақсартқан Түркияның осы инвестицияларын жүзеге асырған қаржы үлгісі барша әлемнің назарын аударуда.

Сабах газеті «Бешикташтың португалиялық футбол жұлдызы Пепе Түркияны мақтады» деген тақырып қолданған.  

        

 


Этикеттер: #Иран , #Ресей , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар