Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

805422
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ресей және Иранмен селбесіп жұмыс істеудеміз» деген хабарға орын берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстаннан сапарынан қайтарда журналисттердің сұрақтарына жауап бергенін жазған. Газеттің хабарында Ердоған «Әсіресе Идлиб жайлы мынаны айтуыма болады: Осы айдың 14 күні өткізілетін Астанада саммиті өте маңызды. Қазір Идлибте Ресеймен келісімге барған процесті жүргізудеміз,сондай-ақ Ресеймен арамызда ешқандай келіспеушілік жоқ. Иранмен де кездесу өткізудеміз. Астана саммитінен кейін арамыздағы байланыс тіпті күшейеді. Кездесулер жалғасады. Жағдай болымды жаққа бет алуда» деді.

Стар газеті хабарын «Араканға жәрдем берілуде» атты тақырыбымен берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында басталған Араканға кең көлемді жәрдем аттанысы басталғанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда премьер-министр орынбасары Режеп Акдағ Бангладешке паналаған Аракан мұсылмандарына үнемі бір жәрдем беру үшін осы елдің лауазымдарымен кездесулерге бастағанын мәлімдеді. Түркияның барша адам баласына көңіл бөлгенін түсіндірген Акдағ «Түрік ұлтының жомарттық әрекетімен жиналған қайнарлар арқылы аракандық бауырларымызға тағы бір мәрте жәрдем қолымызды созамыз. Түркия осы тақырыпқа қатты көңіл бөлуде. Бұл біздің сенімімізде бар нәрсе» деді. Кампания аясында бір интернет сайт жасалды. Жәрдем жасағысы келгендер www.arakanasahipcik.org атты сайт арқылы жәрдем берулеріне болады.

Хүрриет газеті «Бір ағылшынның көзқарасымен Синоп саяхаты» деген тақырып қолданған.  Газет BBC журналисті Joshua Allen-нің Түркияның ең тыныш қаласы болып сайланған Синопқа қызыққанын және осы қалаға аттанғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Joshua Allen Синопқа бұл қаланың Түркияның ең бақытты қаласы болудың себебін табу үшін келді. Allen Синоп жөнінде «Грек ойшылы Джейн Синопта дүниеге келген және ол адамдарға қолында бар болғанымен бақытты болуды айтқан еді. Синоп халқы да осы бойынша істеген» деген мәлімдеме жасады. Allen әсіресе Синоптың табиғи сұлулықтары адамды баурағанын түсіндіруде. Журналист кішкене қала Болған Синопта барлық адам бірбірлерін танитынын және адамдар арасындағы өзара түсінік өте керемет екенін жазады.

Сабах газеті «Дубай төмендеуде Түркия көтерілуде» атты хабарға орын берген. Газет биыл 16-шысы ұйымдастырылған Дубайдағы Global 2017 Жәрмеңкесінде фирмаларға алғаш рет дереу сату рұқсатының берілгенін мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда дереу сатуды тек Дубайда жоба дамытқан фирмалар ғана жасай алды. Бұл рұқсат тоқырау кезеңіне кірген Дубай жылжымайтын мүлік нарықтарын жандандыру үшін берілгені білдірілді. Жәрмеңкеде жарияланған санақтар Біріккен Араб Әмірліктерінің жылжымайтын мүлік секторымен байланысты қызықты санақтарды да паш етті. Осы санақтарға қарағанда Біріккен Араб Әмірліктерінде салынып жатқан және құны 227.9 миллиард доллар болған 7 мың 878 жылжымайтын мүлік жобасы бар. Дубайдағы 2 мың 812 жобаның құны болса  121,1 миллиард доллар. Жобаға қызығушылықтың аз болуы, жылжымайтын мүлік сатуларына байланысты түрде ел экономикасында қиыншылық туылуда. Дереу сату Түркиядағы жылжымайтын мүлік жәрмеңкелерінде қатты ұнатқан бір әдіс.

Ватан газеті «Ежелгі жәдігер қайтарылды» деген тақырып қолданған.  Газеттің хабарына қарағанда ежелгі Перге қаласындағы қазбалар барысында табылған 50 жылдың алдында шетелге алып қашырылған Herakles Lahdi жәдігері Швейцариядан Түркияға 13 қыркүйекте беріледі.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар