Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

803533
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған Эмонали Рахмонмен телефонда сөйлесті» деген хабарға орын берген. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефонда сөйлескенін хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда екі лидер телефондағы сөйлесуінде Түркия-Тәжікстан арасындағы екі жақты қарым-қатынастармен қатар Мьянмада болған адамдық трагедияны қолға алды. Ислам ынтымақтастық ұйымы мүшесі елдердің аракандықтар душар болған трагедияға шешім табу үшін ортақ талпыныс көрсетудің маңыздылығы меңзелген кездесуде Біріккен Ұлттар Ұйымы бақылауындағы ізденістердің де жалғастырылуы керектігі баяндалды.

Стар газеті хабарын «Емине Ердоған аракандық босқындардың Бангладештегі лагеріне барды” атты тақырыбымен берген. Хабарда президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған және қасындағы делегацияның аракандық босқындардың Бангладештегі лагеріне барғанын жариялаған. Газеттің хабары бойынша Емине Ердоған Мьянманың Солтүстік Ракхайн штатындағы гуманитарлық трагедияға назар аудару және жер ауған аракандықтарға Түркияның көмегін білдіру мақсатымен Бангладешке барды. Болған оқиғалар жайлы мағлұмат алған Емине Ердоған былай деді: “Қанды оқиғаларға қатты қайғырдым. Адам ретінде жүректің елжіремеуі мүмкін емес. Алла жәрдем етсін. Барша әлемнің осы мәселеге назар аударуын және саяси шешім табуын тілеймін. Шешілуге тиісті маңызды мәселе. Бұл қанды қырғын барша әлемнің алдында болуда» деді. Емине Ердоған халықаралық ұйымдарға үндеу тастап, «Барлығымыздың баламыз бар. Біздің баламыз емес деп қырғынға көз жұмуға болмайды. Бұл жерге осы үшін келдік. Оқиғаны әлемдік бұқаралық пікірге жеткізу үшін келдік. Жәрдемге келдік. Барша қолынан келген көмегін істесін» деді.

Стар газеті «Берлин әкімшілігін ашуландырған көрініс» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Германияда келімсектер тарапынан құрылған Неміс демократия одағы 24 қыркүйекте өткізілетін сайлау үшін президент Режеп Тайып Ердоғанның сөздері орын алған жарнамалар болғанын еске салды. Түріктер шоғырланған қаланың бірі болған  Дуйсбург қаласында көшелерде асылған жарнамада Ердоғанның фотосуретімен қатар «Түріктердің досы болғандармен бірге болыңыздар. Оларға дауыс беріңіздер» деген сөздер орын алды.

Хүрриет газеті «Түркия біздің өміршеңдік одақтасымыз» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарында Франция президенті Эммануэль Макрон Түркия мен Еуропа Одағы арасында бір дағдарыстың болуы қаламағанын білдіріп, «Түркиямен бірге көптеген дағдарысқа душар болдық. Әсіресе босқын дағдарысы және террор қаупіне қарсы маңызды бірге әрекет жасадық» деді. Макрон Афины сапары қарсаңында Грекия баспасөзіне мәлімдеме  жасады. Макрон президент Режеп Тайып Ердоғанмен жүйелі түрде байланыс жасап тұрғанын айтты.

 

           

 



Ұқсас жаңалықтар