Түрік  баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

802701
Түрік  баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. Хабарға қарағанда, президент Германияның Түркияның Еуропа Одағы мүшелігіне қарсы болуына байланысты мәлімдемелеріне орай «Түркияның Еуропа Одағымен қазіргі қатынастарына да шыдай алмасыңыздар, ашып айтыңдар және не қажет болса істеңдер» деді. Германияның Түркияға қарсылығын өз сайлауының негізгі тақырыбы ретінде алуына мазасыздығын білдірген Ердоған «Күні-түні Түркия және мен туралы саясат Еуропа Одағы елдеріне пайда келтірмейді.  Бұл сайлау Түркияда бола ма? Әлде Германияда бола ма? Сіз өз ісіңізге қараңыз» деді.

Йени Шафак газеті «Болгариямен энергия ынтымақтастығы» деген хабарға орын берген. ТР Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрак Болгария премьер-министрі Бойко Борисов және Энергия министрі Теменужка Петковамен бас қосты.  Кездесулерде екі ел арасындағы энергия ынтымақтастығына байланысты мәселелер қолға алынды.  Екі министр оңаша кездесуден кейін делегация аралық кездесуге басшылық жасады.  Екі министрдің табиғи газ және электр саласында ынтымақтастықты арттыруға келіскені білдірілді.

Стар газеті «Қандастардан экономикаға 33 миллиард долларлық үлес» деген хабар жариялаған. Жыл сайын айттарда немесе жазғы демалысқа байланысты Түркияға келетін шетелдегі түрік азаматтар экономикаға үлес қосып кетеді. Түркия Статистика мекемесінің деректеріне қарағанда шетелдерде тұратын түріктер 2012 жылдан биылғы шілде айына дейінгі 5,5 жылда шамамен 30,5 миллион рет Түркияға келді. Шетелдерде тұратын түрік азаматтары аталмыш кезеңде Түркияда шамемен 33,2 миллиард  долларлық ақша жұмсады.

Хабертүрік газеті атақты оқытушы,  ғалым Шериф Мардиннің дүниеден озғанын жазған. Түрік социологиясының беделді тұлғаларының бірі Проф. Шериф Мардин Стамбулда қайтыс болды. Мардин бүгін жерленеді.

Ватан газеті «Дурсун – әлем чемпионы» деген хабарға орын берген.  Грекияның бас қаласы Афиныда болып жатқан Жасөспірімдер арасындағы Әлемдік күрес чемпионатында 85 келіде орыс қарсыласы Мухаммад Евлоевты 5-3 есебімен алып жыққан Мұхаммед Фуркан Дурсун әлем чемпионы атанды. Президент Режеп Тайып Ердоған алтын медаль алған жас палуанды құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар