Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

770512
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Тоқтамастан жұмыстарымызды жалғастырамыз» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің бір жылдығы мемлекет көлемінде түрлі іс-шаралармен еске алынуда. Шанлыурда Рабиа алаңында жиналған мыңдаған адам шйіттер үшін дұға қылды. Хилван және Жейланпынар аудандарында да 15 шілде күні шәйіт болғандар үшін жамаған ретінде дұға оқыды. Ушак қала алаңында мыңдаған адам қолдарына түрік байрағын ұстап, шеру жасады.

Хабар Түрік газеті хабарын «15 шілде біздің жаңа Чанаккалеміз» атты тақырыбымен берді. Газеттің хабарына қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті барысында төңкерісшілерге қарсы шыққан азаматтарға алғыс айтты. Ердоған төңкеріс әрекетіне бір жыл толуына орай Президенттік сарайда өткен шараға қатысты. Президент Ердоған: «Чанаккаледен алған батылдықпен және сеніммен Азаттық соғыста жеңіске жеттік. 15 шілде біздің жаңа Чанаккалеміз,  Думлупынарымыз,  Сакариямыз. Түрік ұлты 15 шілдеде шарықтағанын көрсетті» деді. «Ұлтымыз енді ешқашан Фетуллахшы террор ұйымы секілді сенімін,  білім алу және рақымшылық сезімдерін қолданып, опасыздыққа апарған ұйымдардың елде бой көтеруіне жол бермейді» деді ол.

Ватан газеті «Жаңа бір төңкерістің шығыны өте ауыр болады» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда премьер-министр Бинали Йылдырым Стамбулда журналисттердің сұрақтарына жауап берді. Бинали Йылдырым  жаңа бір төңкеріс әрекеті ықтималының үлкен емес екенін білдіріп «Бірақ мұндай әрекеттің шығыны өте үлкен болады» деді. Премьер-министр: «15 шілде күні түнде Түркияның бірлігін қорғау үшін жанын берген, қаны төгілген шейіттеріміздің біздерге аманатысыздар. Сол қара түнек түнді халқымыз жарқыратты. Отанымызды опасыз әрекетке қарсы бірге қорғадық. Бірге құтқарып қалдық. 15 шілде күнін еш ұмытпаймыз.  Ешкімге ұмыттырмаймыз» деді. «Шейіттерімізге лайықты болу үшін Түркия және әлемде тоқтамастан жұмыстанамыз. Енді жаңа кезеңдеміз.  Осы кезеңде мемлекеттің иесі –ұлт. Түркияны басып алуды армандағандар ертең өз күнәларымен жанады» деді ол.

Йени Шафак газеті «Ойын секторына 60 миллиард долларлық инвестиция қолдауы» атты хабарға орын берген. Газеттің хабары бойынша ойын компьютер бағдарламасы секторында мемлекеттің ынталандыруы артуда. Экономика министрлігі ойын компьютер бағдарламасы секторында Түркияның орталық болуы үшін арнайы реттеу дайындауда.

Стар газеті «Әлемнің өнер тұлғалары демалыс үшін  Бодрумды таңдады» деген тақырып қолданған. Газеттер Түркияның ең керемет демалыс қаласы Бодрумға әлемнің әйгілі өнер жұлдыздарының келіп демалыс өткізгенін жазған.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар