Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

650574
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газетінің «Қолында бомба болғандар мен доллары болғандардың нысаны бірдей» деген хабарында президент Режеп Тайып Ердоғанның нарықтарда болған тұрақсыздықтың Түркияға бағытталған бір шабуыл екенін айтқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ердоған президенттік сарайда 34-ші Ауыл басшылары жиналысында айтқан сөзінде «Қолында бомбасы болған террористтер мен қолында доллары, евросы, өсімі болған террористтердің нысанасы бірдей. Олардың мақсаты Түркияны күйрету. Түркияны жаулап алу және Түркияны бағыттарынан аулақтату. Бағамдардың жасанды түрде көтерілгені баршаға аян. Ұлтымыз 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетіне қарсы болған батылдық жігерін жалғасты көрсетулері керек» деді.

Сабах газеті «50 миллиард долларлық періштелер Стамбұлда» атты хабарға орын берген. Газет әлемде 50 миллиард доллардық қорымен іскерлерге қаражат берген Әлем періште форумынан келетін  инвесторлардың Стамбұлда бас қосатындарына орын берген. Газеттің хабары бойынша 13 ақпан күні ұйымдастырылатын және мөлшермен 75 елден жүздеген жақсы ниетті періште сияқты инвесторлар қатысатын Періште инвестиция форумында түрік іскерлері маңызды инвесторлармен кездеседі. Лондон биржасының демеуімен өткізілетін биылғы форум іскерлер мен жақсы ниетті инвесторлар үшін тіпті маңызды ерекшелікке ие. Яғни бұл ерекшелік болса Шығанақ елдерінен инвестиция делегациясының қатысу.

Хабар Түрік газеті хабарын «Инвестиция салғандар шетелдік инвесторларға түрік азаматтығы беріледі» деген тақырыбымен берген. Газет Түркияда жылжымайтын мүлік алған шетелдіктерге түрік азаматтығы берілетініне орын берген. Газеттің хабарына қарағанда 2 миллион долларлық инвестиция салған, бір миллион долларлық үй алған, 100 адамды жұмыспен қамтамасыз еткен және банкіге үш миллион доллар құйған шетелдіктерге түрік азаматтығы беріледі. Осыларды орындаған адамның әйелі, балалары және әке-шешелері де түрік азаматы бола алады. Сайлауда дауыс қолдана алады.

Йени Шафак газеті «Ресеймен ұшақ қауіпсіздігі жөнінде келісім жасалды» атты тақырып қолданған. Газет Түркия мен Ресей  Сирияда операциялар барысында ұшақтың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі және қаламаған оқиғаларды тосу үшін Ресейдің астанасы Мәскеуде бір келісімге барғанын жариялаған. Газеттің хабары бойынша Бас штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеде Ресей Федерациясы және Түрік Қарулы Күштері делегациялар арасы жиналыстар өткізілгені білдірілді. Мәлімдемеде жиналыстың кеше орыс және түрік бас штаб делегациялар арасында өткізілгені және жиналыс қорытындысында бір келісімге қол қойылғаны баяндалды. Мәлімдемеде келісімде террорист нысандарына жасалған операцияларда Ресей әуе күштері мен Түрік әуе күштеріне тиесілі ұшақтардың ұшу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі және ынтымақтастыққа байланысты механизмдердің белгіленгені білдірілді.

Хүрриет газеті «Деректі фильм режиссерлері 9-ші рет бәсекеге түсуде» деген хабарға орын берген. Газет ТРТ тарапынан ұйымдастырылатын 9-ші ТРТ деректі фильм жүлделері бәсекесі үшін өтініштерінің басталғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда 3 ақпан күніне дейін жалғасатын өтініштен кейін өткізілетін алдыңғы іріктеу нәтижелері 27 ақпан күні жарияланады. Финалға қалған фильмдер 11-14 мамыр күндері аралығында халыққа ашық және ақысыз қойылады. 15 мамыр күні ұйымдастырылатын рәсіммен арқылы жеңімпаздарға жүлде беріледі.

 



Ұқсас жаңалықтар