Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

649708
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «АҚШ лаңкестік топтарды заңдастыру талпынысынан бастарту керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын АҚШ-тың террор ұйымдарын заңдастыру бастамасынан бастарту керектігін атап айтты. Твиттер арқылы мәлімдеме жасаған Калын АҚШ Орталық күштер қолбасшылығы «CENTCOM»-ның әлеуметтік медиа арқылы PYD/YPG-нің бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-мен байланысы жоқ екені жайлы мәлімдемесіне наразылық көрсетті. АҚШ Орталық күштер қолбасшылығының бұл әрекетінің террор ұйымдарын тоқтатудың орнына заңдастырғанын атап айтқан Калын «Бұл әзіл ме, әлде CENTCOM санасын жоғалтты ма? Шынында біреулердің осыған көнетінін ойлайсыңдар ма? АҚШ лаңкестік топтарды заңдастыруға тырысудан бастартуға тиісті» деді.

Хабертүрік газеті «ФЕТӨ, ПКК және ДАИШ-ке барлау қолдауы берілуде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өкілетті елшілер конференциясында сөйлеген Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Фетуллахшы террор ұйымының басқа террор ұйымдары ПКК мен ДАИШ-ке барлау және шабуылдарына қолдау бергенін атап көрсетті. 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан ФЕТӨ тарапынан ПКК-ға «Төңкеріске дайындалған әскерлерге қарсы шабуылдамаңдар» деп тапсырма берілгенін атап көрсеткен Сойлу мұның қорқынышты бір ынтымақтастықтың дәлелі екенін атап көрсетті. Сойлу ФЕТӨ, ПКК және ДАИШ-тің халықаралық байланыстары бар террор ұйымдары екенін білдірді. ФЕТӨ-нің өте қу бір ұйым екенін атап айтқан Сойлу Еуропаның бұл ұйымды толық танымағанын атап көрсетті.

Стар газеті «Бізді бір-бірімізбен қақтығыстыра алмайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған өкілетті елшілердің жұбайларымен түскі қонақасыда бас қосты. Эмине Ердоған осында айтқан сөзінде террор шабуылдарының арғы жағында қоғамды бір-бірімен қақтығыстырудың және бөлшектеудің бар екенін атап көрсетті. Бірлік пен ынтымақтастыққа шақырған Эмине Ердоған «Түркия енді бұрынғы Түркия емес. Ұлтымыз, тіршіліктеріміз, этникалық және нанымдық айырмашылықтар сияқты себептер бөлшектей алмайды. Біз барлық айырмашылықтарымыз және тұтас екенімізге сенеміз» деді.

Сабах газеті «BBC тілшісі: Түркия Лондонға қарағанда одан қауіпсіз ел» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда соңғы кездері Түркияға қарсы жаңалықтарымен пікірталастар туғызған ағылшын BBC телеарнасының тәжірибелі тілшісі Майкл Буерк өзін Түркияда Лондоннан гөрі қауіпсіз сезінгенін атап айтты. Ұзақ жылдардан бері BBC телеарнасының шетел тілшісі ретінде жұмыс істейтін танымал журналист террор оқиғаларының бүкіл әлемде болған жағдай екенін атап көрсетті. Түркияға қайран екенін атап айтқан Буерк «Түркияда желкенді қайығым бар. 25 жыл бұрын Гөджек және Түркияның Жерорта теңізі жағалауын желкенді қайықпен аралайтын едім. Танысқан баршаға Түркияға баруларын ұсынамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар