Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

643070
Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газетінің «Түркияға демалысқа барыңдар» деген хабарында жаңа жылы түні Стамбұл Ортакөйде бір түнгі клубта жасалған қарулы террор шабуылында жарақат алған америкалық Вильгельм Иаков Раак-тың еліне қайтқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ататүрік әуе жайында журналисттердің сұрақтарына жауап берген Раак террорға және оның қолдаушыларына қарсы керемет жауап берді. Ол «Стамбұлға тағы келемін және осы қаладан әсте бас тартпаймын. Керемет бір ел. Адамдары өте қонақжайлы. Достарым қасымнан айырылған жоқ» деді. Раак Түркияның ақ көңіл, ашық жарқын адамдарына мұндай опасыздық жасаудың өте өкінішті екенін айтты. Ағылшын  The Independent газетінің директоры Саймон Колдер мақаласында Стамбұл Ортакөйдегі түнгі клубқа жасаған шабуылға берілетін ең керемет жауаптың Түркияға демалысқа келу екенін жазды. Галатасарай футбол клубында доп ойнаған голландиялық әйгілі футболшы Весли Снейдер болса «Стамбұлда бақыттымын. Бұл жерден басқа жерге бармаймын» деді. Голландия Бас консолы Робер де жұбайымен бірге Сұлтанахмет және Гүлхане паркіне барды, сондай-ақ Стамбұлдың сұлулығын тамашалау үшін серуендеді.

Ватан газеті «Әлеуметтік медиа тұзағына түспеңдер» атты хабарға орын берген. Газет премьер-министр орынбасары Нуман Куртулмуштың Стамбұлдағы түнгі клубқа жасалған шабуылдан кейін әлеуметтік медиада тез тараған мәлімдемелерді бөлісудің террорға қызмет ету екенін айтқанын жеткізген. Газеттің хабары бойынша Куртулмуш әлеуметтік медиа бөлісудің террор әрекеттерінің бір бөлшегі екенін баяндап «Кейбір күштер адамдар арасындағы түрлі сенім және мәсхаб арқылы бөле жарушылық жасауға тырысуда» деді.

Сабах газеті хабарын «Қырғында қолданылған қару АҚШ-тың заты» деген тақырыбымен берген. Газеттің хабарына қарағанда  Стамбұл Ортакөйдегі түнгі клубқа шабуыл жасаушының қолданылған қаруының АҚШ заты екені және террористтің де 15 күн бұрын Стамбұлға келгені жарыққа шықты.

Йени Шафак газеті «2017 жылы Түркияның экономикасы тоқтаусыз жалғасуда» атты тақырып қолданған. Газет экономика министрі Нихат Зейбекчинің соңғы айларда шетелдік инвесторларға мүмкіндік жасалғанына орай жаңа инвестиция салатындардың санының артқанын баяндағанына орын берген. Хабарда Зейбекчинің «Түркия болып, 430 миллиард доллар деңгейіндегі жалпы сыртқы саудамыздың 10-15 пайыздық бөлімін ұлттық ақша арқылы жасай алуды нысаналаудамыз» дегенін жеткізген. Газеттің хабары бойынша Халыкбанк бас директоры Али Фуат Ташкесенлиоғлұ да биыл үшін үмітті баяндама жасады. Ақша саясатындағы тепе-теңдіктердің банк өсімдеріне деген болымды жаңғырықтардың жалғасқанын білдірген Ташкесенлиоғлұ «Нарықтағы жандылық тіпті артады» деді.

Стар газеті «Бомбалауларға қарамастан экспорт тоқтаған жоқ» деген хабарға орын берген. Газет Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ-нің 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті, террор оқиғалары, аймақтық және жиһандық жаңалықтардың да ықпалымен қиын бір жыл өткізген Түркияның экспортының желтоқсан айында үмітті нәтижеге жеткенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда экспорт желтоқсан айында 9,3 пайыз артып,  12,82 миллиард доллар болды. Өткен жылы ең көп экспорт 19 миллиард  807 миллион доллармен автокөліктерде болды. Экономика министрі Нихат Зейбекчи  2016 жылының соңғы күнінде жасаған мәлімдемесінде «Түркияның төрт бұрышының бомба қаупіне қарамастан желтоқсан айын 8-10 пайыздық артумен жабамыз» деген еді.



Ұқсас жаңалықтар