Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

594238
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газет «14 елдің Бас атқарушы директорлары инвестиция үшін Стамбулда бас қосады» деген хабарға орын берген. Газет премьер-министр орынбасары Нуреиттен Жаникидің 9-ші Инвестиция Кеңесі жиналысының премьер-министр Бинали Йылдырым басшылығында келесі апта Стамбулда өткізілетінін айтқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Жаники «Жиналысқа 14 елден 10 бөлек секторда орын алған жалпы ақша саны 666 миллиард доллар, жалпы жұмыспен қамтамасыз етуі де 1,5 миллион доллар болған кеңес мүшелері қатысады» деді. Түркияда инвестиция мүмкіндіктерінің жақсартылуы және халықаралық инвесторлардың келуі үшін осы жиналысты ұйымдастырғанын баяндаған Жаники қонақ қылатын Бас атқарушы директорлардың инвестиция жөнінде шешім жасаған кезде қандай шаттарының бар екенін тыңдау орайы болатынын түсіндірді.

Хабар Түрік «Отандық машық ұшағы Хүркуштың ұшқышсыз түрі шығады» атты хабарында отандық машық ұшағы Хүркуштың ұшқышсыз түрінің шығатынын жеткізген. Газеттің хабары бойынша Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі TUSAŞ-тың дамытқан отандық ұшағы Хүркуштың Отандық авиация мекемесінен алған сертификаты Еуропа авиация қауіпсіздігі агенттігі тарапынан бекітілді. Түрік Қарулы Күштері Хүркуштың ұшқышсыз түрі үшін жұмысқа басталуы жөнінде бұйрық берді. Осы аяда TUSAŞ пен TAI-дің арнайы ұшқышсыз әуе көлігі ANKA және Хүркуш жобаларынан қорытындылаған тәжірибесі арқылы жаңа бір өнем шығарады.

Ватан газеті хабарын «Әлемнің алғашқы күн энергия алаңын құрудамыз» деген тақырыбымен берген. Газет Энергия және табиғи байлықтары министрі Берат Албайрактың Конияның  Карапынар ауданында салынатын күн энергия станциясы жобасын таныстырғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда жоба аясында 1 миллион долларлық инвестиция арқылы 17 миллион киловатт-сағат электр өндіреді. Күн энергиясы станциясының арқасында 600 мың ғимарат күн сәулесінен пайдаланады. Берат Албайрак салынатын күн энергиясымен байланысты «Осы жобамен тек ішкі нарықта емес, аймақтағы барлық күн энергия талаптарын қамтитын бір ел боламыз» деді. Конияның Карапынар ауданы әлемдегі күн нұрын электр энергиясына айналдыра алатын бір технология үлгісі болып табылады.

Хүрриет газеті «Исламофобия өте улы, оны жеңуіміз керек» атты тақырып қолданған. Газеттің хабары бойынша АҚШ-та президенттік сайлауына де ықпал жасаған және соңғы бір жылдан бері дау-дамай болған Исламофобия тақырыбында Вашингтонда алдыңғы қатардағы ой-пікір ұйымының бірі Атлант Мұхиты Кеңесінде бір сессия ұйымдастырылды. Стамбул Сабанжы институтының құрметті мүшесі Вуслат Доған Сабанжы «Исламофобия өте улы, оны жеңуіміз керек» деді. Сабанжы Исламофобияны мәдени нәсілшіл ретінде түсіндірді.

Сабах газетінің «Ислам әлемінің жүлдесі түрік ағарушысына берілді» атты хабарында Ислам ынтымақтастық ұйымы тарапынан әр жылы берілетін «Ислам әлемінің ең үздіктері» жүлдесін биыл тұңғыш бір түрік мұғаліміне бергенін жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Ислам әлемі жүлдесі Ислам әлемін қосқан үлестеріне орай Стамбул Айдын университеті басқару алқасы төрағасы профессор Мұстафа Айдынға берілді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар