Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

591869
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газетінің «Анкара дайын тұр» атты хабарында коалиция күштерінің Иракта террор ұйымы ДАИШ-тің қолындағы соңғы қала болған Мосулды азат етуге бағытталған операцияның басталғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Түркия Мосул операциясының басталуымен бірге Ирак шекарасындағы қауіпсіздік шараларын арттырды. Мүмкін бір босқын толқынына қарсы Ирак шекарасында қажетті алдын алу шаралар жасады. Түрік Қарулы Күштері Мосул операциясымен байланысты жаңалықтарды 24 сағат қадағалап отыр. Президент Режеп Тайып Ердоған «Түркия қатыспаған операцияда туылуы мүмкін мәселелерге біз жауапты емеспіз. Біз операцияға да қатысамыз, үстелдегі талқыда да орын аламыз» деді.

Миллиет газеті «Гарвардқа сабақ болған түрік қонақүйі» деген тақырыпқа орын берген. Газет Hillside Beach Club түрік қонақүйінің Гарвард бизнес мектебінде сабақ ретінде оқытылғанын жеткізген. Газеттің хабары бойынша мектеп Hillside Beach Club қонақтарының 99 пайызының ризашылығы және әлемде осындай тесттерде бұрын соңды болмаған 68 пайыз деңгейіндегі қайтадан келу өредегі табысы «Жерорта теңізде ең үздік отбасы дем аласы тәжірибесін ұсыну» тақырыпты жұмысы арқылы зерттелді. Осы жұмыста басқарушы мен қонақтар бас қосты, қонақүйдің қызмет түсінігі, нарыққа деген ерекше тұғыры және жалғастыруға болатын керемет басқару жүйелері ержей-тегжейлі түрде тексерілді.

Сабах газеті хабарын «Халебте қырғын жалғасуда, 95 адам өлді» атты тақырыбымен берген. Газет Сирияның солтүстігіндегі Халебте режим күштерінің қоршау астындағы аймақтарға жексенбі және дүйсенбі күні ұйымдастырылған әуе шабуылында жаңа дүниеге келген сәбилермен бірге 95 адамның қаза тапқанын және 200 адамның жарақат алғанын жариялаған. Хабарда Халебтегі оппозиционерлердің бақылауындағы аймақтарға бомба жаудырғанына орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Орталығы Лондонда болған Сирияны қадағалау үйі де 22 қыркүйек күнінен осы таңға дейін жалғасқан әуе операцияларында 430 адамның қаза тапқанын мәлімдеген. Сондай-ақ соңғы үш шабуылмен бірге осы санақ 515-ке көбейді. Еуропа Одағы Сыртқы істер қарым-қатынастар кеңесі жай халықтарды нысанға алған шабуылдарды айыптап, бұлардың соғыс қылмысы болуы мүмкіндігін білдірді.

Ватан газетінің «Дизайн мамандары Стамбулға келеді» деген хабарында Халықаралық дизайн мамандарының 19-23 қазан күндері аралығында Стамбулда ұйымдастырылатын Түркия дизайн аптасында бас қосатынын мәлімдеген. Газеттің хабары бойынша Түркия дизайн аптасы 19 қазан күні Лүтфи Кырдар Конгресс және көрме сарайында басталады.  Халықаралық және отандық көрмелер және жүлде рәсімдер өткізілетін іс-шарада дизайн офистері және мектептер, дизайнда түрлі еңбектер және дизайнға тән барлық нәрсе қатысушыларға ұсынылады.

Стар газеті «Түрік телесериалдарына қызығушылар биыл да өте көп» атты тақырып қолданған. Газет әлем теледидар индустриясының ең үлкен нарығы болған MIPCOM 2016 жәрмеңкесі кеше Францияның Канны қаласында басталғанын хабарлаған. Хабарда 102 елде қойылу рекорд жаратқан түрік телесериалдары мен кинофильмдерінің жәрмеңкеде орын алғанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда Стамбул сауда палатасы төрағасы Ибрахим Чаглар «Түрік телесериалдары мен кинофильмдерінің MIPCOM 2016 жәрмеңкесінде өте көп сатылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар