Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

588738
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Саясатта күн тәртібі жаңа атазаң мен президенттік жүйе» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әділет және даму партиясы ақпарат көздері президенттік жүйені де қамтыған атазаң өзгерісі тақырыбында маңызды бір жұмыс жүргізілгенін және 10 күннің ішінде дайындалатынын атап көрсетті. Ақпарат көздері премьер-министр Бинали Йылдырымның басшылармен атазаңы өзгерісі жайлы бас қосатынын еске салып, бұл кездесулерде өзгерістің жол картасының нақтыланатынын атап айтты. Әділет және даму партиясының мәжілісте төрағадан басқа 316 орындық бар. Атазаңы өзгерісінің референдумға ұсынылуы үшін 330 депутаттың дауысы қажетті.

Йени Шафак газеті «АҚШ Сирияда түрікмендерді бомбалауға дайындалады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сирияның солтүстігіне ДАИШ-ті сылтауратып ПКК террор ұйымын орналастырған АҚШ бірдей ойынын Ирактың Мосул қаласында да іске қосуға дайындалады. ДАИШ бақылауындағы Мосулды құтқару үшін Түркияны жасалатын операциядан тыс қалдырғысы келген АҚШ әрі террор ұйымы ПКК, әрі шиіт топтар арқылы өте қауіпті бір ойын ойнамақшы. Жоспарға қарағанда ДАИШ Мосул халқымен бірге Тель-Афер қаласына айдалмақ және 450 мың тұрғыны бар түрікмен қаласы террор сылтауымен жойылады. Бір жақтан бұдан бұрын Әл-Фаллудже мен Тикритте өмір сүрген сүннит қырғындары Мосулда жасалмақ, екінші жағынан 1 миллионнан асқан мосулдық айдалған соң ДАИШ-тіктер қашып паналайтын түрікмен қаласы Тель-Афер АҚШ пен коалиция ұшақтары тарапынан «террористтер бар» деген сылтаумен жермен-жексен болмақ.

Сабах газеті «Жаһандық инвесторлар«Moody’s»-ті елемеді»  тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Moody's»-тің Түркияның несие бағасын төмендеткеніне қарамастан инвесторлардың Түркияға деген қызығушылығы жалғасуда. Өткен апта «Rolls Royce» фирмасы отандық реактивті ұшақ жобасында орын алу үшін келсе, Боинг фирмасы 20 адамнан тұратын басшылар, өнім жеткізушілері және әкімшілік мүшелерімен Түркияға келеді. Боинг басшылары қорғаныс және авиация фирмаларын басын қосқан «Саха Стамбұл-Қорғаныс авиация және Ғарыш тобы қоғамына» мүше фирмалар мен өнім жеткізушілер келіссөздерді жалғастырады. Стамбұл фирмаларымен 6 миллион доллар бюджетті халықаралық бәсекені арттыру жобасы да іске қосылатын келіссөздерде жаңа ынтымақтастықтар құрылмақ.

Ватан газеті «Бүкіләлемдік инвестиция саммиті Стамбұлда ұйымдастырылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұл соңғы кездері аса маңызды жиналыстарға қонақжайлық жасауды жалғастыруда. Бүкіләлемдік Энергия Конгресінің артынан ертең 100-ден астам инвестиция агенттігі басшыларының қатысуымен «Бүкіләлемдік инвестиция саммиті» өткізіледі. Саммиттің Түркияда өткізілуі Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкерісіне қайтарылған ең мықты жауаптардың бірі.

Стар газеті «Стамбұлда Franchise көрмесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Franchise» және маркалы филиал жүйесінің барлық актерлерін бір шаңырақ астында жинаған «Филиалым боласың ба?» атты көрме 2016 жылы 13-16 қазан күндері арасында Стамбұл CNR көрме орталығында есіктерін ашады. Биыл 14-ші рет ұйымдастырылған көрмеде 400-ке жуық жергілікті және шетелдік фирма орын алады.



Ұқсас жаңалықтар