03.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

373816
03.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хабер Түрік газеті «Шілде айында 5,4 миллион шетелдік туристі қонақ қылдық» деген хабар жариялаған. Түркияға биыл шілде айында келген шетелдік турист саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,10 пайыз артты. Мәдениет және туризм министрлігі жариялаған «2015 жылғы шілде айын шекарадан кіру-шығу статистикасынан» алынған мәліметке қарағанда, жылдың алғашқы алты айында елге келген қонақ саны өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 2,37 пайыз азайып, 17 миллион 54 мың 631 болды.
Йени Шафак газеті «57 миллиардтық инвестиция дайын» деген хабар жариялаған. Қытай экономикасының баяулауымен артқан жаһандық белгісіздіктерге қарамастан Түркия «Сенімді порт» ерекшелігімен инвесторларды өзіне тартуда . Биылғы жылдың алғашқы жеті айында инвестиция мөлшері 56,9 миллиард лира болатын барлығы 2 мың 724 инвестиция құжаты дайындалды.
Сабах газеті де экономика саласынан бір хабарға орын берген. Хабарға қарағанда 2000 жылдан бері инвестиция банкі санының азаюы Банк секторы мекемесін қозғалысқа салды. Мекеме жеке меншік саласының осы секторға қызығушылығының артуы үшін 300 миллион АҚШ доллары болып табылатын төленген капитал шартын жұмсартады.
Ватан газеті «Нью-Йоркта 15 жылдық» деген хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Turkcell -дің Нью-Йорк биржасындағы 15 жылдығы 1 қыркүйек күні тойланды. Дәстүрлі рәсімде жабылу қоңырауын Turkcell атқару комитеті төрағасы Ахмет Акча соқты. Акча «Нью-Йорк биржасында бірінші болғанымызға қуанамыз. Алайда жалғыз болу да қиын. Одан да көп түрік компаниясы осы биржаға кіруі керек» деді.
Миллиет газеті мәдениет саласынан бір хабарға орын берген. 14-ші Стамбул биенналесі 5 қыркүйек күні ашылады. Осы шара Стамбулдағы қазірге дейінгі ең ірі, ең көп алаңға тарайтын, ең көп өнерпаз қатысатын шарасы болады. 36 жерде 1500-ден астам өнерпазға бас қостыратын биеннале кеше баспасөзге таныстырылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар