31.08.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

372059
31.08.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хабер Түрік газеті «Сирия шекарасына 203 миллион лиралық қауіпсіздік қабырғасы» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Қаржы министрі Мехмет Шимшек Сирия шекарасындағы қауіпсіздікті арттыратын қауіпсіздік жүйесінің қалыптастырылуы үшін Ұлттық Қорғаныс министрлігіне 203 миллион лира ақша бөлінгенін білдірді. Түркия әсіресе Сирия шекарасындағы шараларын арттыруда. Аталмыш қосымша шаралар нәтижесінде соңғы бір жарым жылда шекарада заң бұзушылықтар азайды. Осы шараларға қосымша ретінде жаңа қауіпсіздік жүйесі де жүзеге асырылады. Аталмыш жүйе арқылы Сирия шекарасының әрдайым бақылануы, шекарадан заңсыз өтудің алдын алу және қылмыстардың азайтылуы мақсат етілуде.
Йени Шафак газеті «Ердоғанның ескертуі 2 миллиард пайда тигізді» деген хабарға орын берген. Түркия интернет инфрақұрылымын әлем деңгейіне жеткізетін 4,5 G технологиясы тендерінен табысты шықты. Президент Ердоғанның «4 G-мен уақыт өткізбейік, 5 G-ге өтейік» деген ескертуімен мамыр айындағы бағаммен салыстырғанда мемлекет 2 миллиард лира кіріс тапты. Осылайша қазынаның табысы 11,3 миллиард лираның орнына 13,2 миллиард лираға жетті.
Стар газеті құрылыс жобасындағы хабарға орын берген. Хабарға қарағанда әлемнің ең ірі 250 мердігері тізімінде 18-ші орында тұрған түріктің  Өзтүрік құрылыс компаниясы енді қалалық жаңарту жобаларына салмақ салады. Өзтүрік холдингтің атқару комитеті төрағасы Юсуф Өзтүрік Сауд Арабиясы король әулетінен серіктестік талабы келгенін айтып, «Қалалық жаңартуда бірге жұмыс істейміз» деді.
Миллиет газеті «Нью-Йорк Таймс Анадолы жағасын таныстырады» деген хабар жариялаған. Америка Құрама Штаттарында жарияланатын Нью-Йорк Таймс газеті Стамбулдың Анадолы жағасындағы 36 сағаттық саяхатты тақырып қылды. Газет Стамбулды Түркияның мәдениет астанасы деп таныстырып, Анадолы жағасын да мақтады. Жағаның таза, жәдігерлер жақсы сақталған және жасыл желегі мол екендігі атап көрсетіліп, түрлі мейрамханаларға назар аударылды. Анадолы жағасында бару керек жерлер де жинақталып, тізімде Бейлербейі сарайынан Барыч Манчо мұражайына дейін көптеген мекендер орын алған.
Сабах газеті «Атақты фотографтар Бурсада кездеседі» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда халықаралық Бурса Фотография фестивалі 24-28 қазан күндерін арасында Бурса қаласында болады. Фестивальдің биылғы тақырыбы – көш. Фестиваль аясында әлемге танымал фотографтардың суреттері көрсетіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар