05.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер кейбір маңызды жаңалықтарға орын берген

114438
05.09.2014 күнгі түрік баспасөзі

«Миллиет» газеті Сирияның Дейризор қаласында болған бомбалауда автобусқа бомба түсуіне байланысты 10-ы бала, 16 адамның қаза тапқанын білдірген. Хабарда Сирия адам құқығы бақылау ұйымының шабуылға байланысты Сирия үкіметінің ИЛИМ экстремистерін айыптағанын айтқанына назар аударылған. Газет бақылау ұйымының шабуылда қаза тапқандардың көпшілігінің 10 жасынан кішкентай балалар екенін де хабарлағанын да жазған. Газет сондай-ақ Дамаск қаласының Дума аймағында үкімет тарапынан жасалған әуе шабуылында кем дегенде 7 адамның өлгенін білдірген.
«Хүрриет» газетінің хабарында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Батыс Африкадағы Эбола індетінен өлгендердің саны жарияланды. Бұл мәліметке қарағанда осы күнгі дейін аталмыш вирустан 1900-дан астам адам өлген. Хабарда сондай-ақ тек қана өткен аптада шамамен 400 адамның өліміне себеп болған Эбола вирусынан өлгендердің 40 пайызының соңғы үш апта ішінде болғанына назар аударылған.
«Йени Шафак» газетінің экономика парағында шыққан хабарға қарағанда әлемдегі ең үлкен халал азық жәрмеңкесі кеше Ыстанбұлда ашылған. Газет төрт күнге созылатын жәрмеңкенің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Малайзия президенті Малик Кассымның Ислам әлемінде Түркияның халал өнімдер тұрғысынан супер күш болатынын айтқанына назар аударған.
«Стар» газеті орыс ғалымдарының қатерлі ісік ауруын ерте байқай алатын тәсіл тапқандарын жазған. Хабарда кез-келген клиникада жүзеге асыруға болатын өте қарапайым әрі арзан ДНК анықтау барысында бір молекуланың қатерлі клетканы асқынбай тұрып табуға мүмкіндік беретіні білдірілген.
«Акшам» газеті халықаралық ВВС каналының инструментальды музыканың төрт шебері үшін Түркияға келетінін хабарлаған. Газет төрт бөлімнен тұратын деректі фильмде Хүснү Шенлендирижи, Айтач Доған, Исмаил Тунчбилек пен Мысырлық Ахметтің шығармашылық өмірі әңгімеленетінін білдірген.
«Ватан» газеті Түркия баскетбол құрама командасының Жаңа Зеландияның Финляндияны, АҚШ-тың да Украинаны жеңіуіне байланысты соңғы матчқа тур билетімен қатысқанын білдірген. Газет Доминиканды 77-64 есебімен жеңген Түрік баскетболшыларының алдымыздағы жексенбі күні Д тобы үшіншісі Австралиямен ширек финальда күш сынасатынын жазған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар