Ауғандар Өзбекстаннан кетті
Өзбекстан ауған әскерлері мен азаматтарының елден кеткенін білдірді.
1706348
![Ауғандар Өзбекстаннан кетті](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/f920/f8d0/96ff/612cb0137a2a2.jpg?time=1718271571)
Өзбекстан Талибанның Ауғанстанда билікке келуінен кейін өзбек жерін паналаған ауған әскерлері мен азаматтарының елден кеткенін білдірді.
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында өткен ай Талибаннан қашып заңсыз жолдармен Өзбекстанға келген әскерлер мен ауған азаматтардың елден кеткені айтылды.
Ауғанстанда билікке Талибан келгеннен кейін көптеген ауған азаматы мен әскерлерінен тұратын 585 кісі заңсыз жолдармен Өзбекстанға келген еді.