Сергей Лавров екі күндік ресми сапармен Қытайға барды

Лавров ел астанасы Бейжіңде  Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесті.

2126277
Сергей Лавров екі күндік ресми сапармен Қытайға барды

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров екі күндік ресми сапармен Қытайға барды. Онда Украина соғысы, екіжақты ынтымақтастық және халықаралық мәселелер талқыланады.

Лавров ел астанасы Бейжіңде  Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесті.

Әзірге екі тарап та кездесуге қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова министрлердің кездесуі жайлы мәлімдеме жасады.

Захарова «Кездесуде Украинадағы және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жағдай, сондай-ақ екіжақты және халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыналады» деді.

Бұл сапар Ресей президенті Владимир Путиннің осы айда Қытайға күтілетін сапарына дайындық деп бағаланады.



Ұқсас жаңалықтар