"Түркиясыз Еуропа құрлығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес"

Столтенберг бұл мәселе тек ресурстарға ғана емес, географияға да байланысты екенін атап өтті.

2189567
"Түркиясыз Еуропа құрлығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг "Түркиясыз Еуропа құрлығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес." деді.

Йенс Столтенберг қызметінен кетуіне бірнеше күн қалғанда «Герман Маршалл Қоры» деп аталатын орталық ұйымдастырған іс-шарада қоштасты.

Бас хатшы өз сөзінде Америка Құрама Штаттарын (АҚШ) Еуропамен серіктестіктен оқшауланбауға шақырса, Еуропа елдерін қауіпсіздігі үшін оңтүстікте Түркиядан, солтүстікте Норвегияға дейін НАТО қолдауына мұқтаж екенін мойындауға үндеді.

"Еуропалықтар НАТО-сыз құрлықта қауіпсіздік болмайтынын түсінуі керек" деп мәлімдеген Столтенберг бұл мәселе тек ресурстарға ғана емес, географияға да байланысты екенін атап өтті.

 "Оңтүстікте Түркия, солтүстікте Норвегия және батыста АҚШ, Канада мен Ұлыбританиясыз Еуропа құрлығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес." деді ол.

Столтенберг 10 жыл бойы атқарған қызметін 1 қазанда Нидерландтың бұрынғы Премьер-Министрі Марк Руттеге тапсырады.



Ұқсас жаңалықтар