Израиль соғысты жалғастырудың жаңа жоспарларын мақұлдады

Бұл туралы Израиль армиясы баспасөз хатшысының мәлімдемесінде айтылды.

2189627
Израиль соғысты жалғастырудың жаңа жоспарларын мақұлдады

    Израиль Бас штабының басшысы Герци Халевинің «соғысты жалғастыру үшін солтүстіктегі соғыс жоспарларын мақұлдағаны» жарияланды. Бұл туралы Израиль армиясы баспасөз хатшысының мәлімдемесінде  айтылды. 

    Герци Халеви өткен күні Хизбулламен қақтығыстар жалғасып жатқан солтүстік аймақ туралы мәлімдемесінде «Әр қадамымызда  Хизбулла үшін жаза жоғары болуы керек» деді.

    17 қыркүйекте Ливандағы Хизбулла мүшелері пайдаланатын пейджерлердің жаппай жарылуы кезінде 12 кісі қаза тауып, жүздеген адам жарақаттанды. Қаза болғандардың екеуі бала. 

    18 қыркүйекте елде көптеген рациялардың жарылуы салдарынан 25 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды.
    Оқиғаларға Ливан шенеуніктері жауапты деп есептейтін Израильден әзірге ешқандай мәлімдеме жасалған жоқ.


Этикеттер: #рация , #Хизбулла , #Ливан

Ұқсас жаңалықтар