Палестина Президенті Махмуд Аббас Испанияда

Іссапар барысында Испания премьер-министрі Педро Санчеспен кездесті.

2189346
Палестина Президенті Махмуд Аббас Испанияда
abbas-pedro sanchez.jpg
abbas-pedro sanchez.jpg

    Палестина Президенті Махмуд Аббас мамыр айында Палестинаны ресми түрде мойындағаннан кейін Испанияға алғашқы сапарын жасады. Аббас Испания премьер-министрі Педро Санчеспен ел астанасы Мадридтегі премьер-министрлік резиденциясында кездесті. Кездесуден кейін екі басшы баспасөз мәлімдемесін жасады.

    Санчес: «Әсіресе әйелдер мен балалар өлтірілген басқыншылық алдында әрекетсіз қала алмаймыз.  Біз өліммен өмір сүре алмаймыз. Зорлық-зомбылықты қалыпты жағдайға келтіре алмаймыз. Осы жерден біз тағы да шұғыл түрде соғысты тоқтатуға шақырамыз» деді.

    «Өлім мен қираудың қабылданбайтын деңгейде екенін және адами трагедияға жол берілмейтінін» атап көрсеткен Санчес Газада атысты тоқтату үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2735 қарарының орындалуы керектігіне назар аударды.

    «Соғысты аяқтайтын, гуманитарлық көмектің келуіне кепілдік беретін және барлық кепілге алынғандарды босатуды қамтамасыз ететін атысты тоқтату - біздің басты мақсатымыз. Израильдің әскери шабуылдарын тоқтату керек» деді Санчес. 

    Израильді халықаралық ережелерге бағынуға шақырған Санчес Испанияның да араласуымен Халықаралық сотта Израиль геноциді айыптауы бойынша осы уақытқа дейін қабылданған шешімдердің орындалуын және Израильдің Палестина жерінен шығуын талап етті. 

    Палестина Президенті Аббас: «Испанияның Палестинаны мойындағаны үшін ризашылығымызды білдіруге келдім. Испанияның бұл шешімі 70 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан ісіміздің әділдігін көрсетеді» деді.

    Аббастың Испания королі VI Фелиппен де кездесуі күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар