Дмитрий  Кулеба «Қазір Ресейдің аты басқыншылықпен еске алынуда» деді

Дэвид Кэмерон Ресей президенті Владимир Путинді нысанаға алып, БҰҰ-ның егемен еліне басып кірді деп айыптады.

2106879
Дмитрий  Кулеба «Қазір Ресейдің аты басқыншылықпен еске алынуда» деді

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіндегі (БҰҰ ҚК) кейбір елдер Ресейді Украина территориясынан шығып, соғысты тоқтатуға шақырды.

Ресейдің Украинаға жасаған шабуылының екі жылдығына орай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сессия өтті.

Франция Сыртқы істер министрі Стефан Сежурн Украинадағы соғысты тек Ресейдің қалағанын және оған жауапты екенін айтып, «Ресей қаласа соғысты дәл қазір аяқтауы мүмкін, бірақ  Ресей Украинадан әскерін шығармай, мұны жасамауды жөн көреді» деді.

Сежурн «Бұл соғыс заңсыз және БҰҰ Жарғысын бұзуда» деді.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Ресей президенті Владимир Путинді нысанаға алып, БҰҰ-ның егемен еліне басып кірді деп айыптады.

Путиннің Украинаға заңсыз түрде шабуыл  жасағанын алға тартқан Кэмерон БҰҰ-ның барлық мүшелерінің Украина соғысының зардаптарына ұшырағанын мәлімдеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің шекараларының бұзылмайтынын түсіндірген Кэмерон «Сондықтан Путиннің сәтсіздікке ұшырауын қамтамасыз етуіміз керек» деді.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд те Ресейдің барлық күш-жігеріне қарамастан«өтіріктерінің көрінгенін мәлімдеді.

Халықаралық қауымдастықтың Украинаны қолдауы керектігін баяндаған Гринфилд «Ресей бүгін қаруын тастаса, Украинадағы соғыс аяқталады. Бұл соғыста бір ғана басқыншы бар және бір ғана тарап соғысты аяқтай алады» деп көрсетті.

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба «Қазір Ресейдің аты басқыншылықпен, соғыс қылмыстарымен және жауыздықпан еске алынуда» деді.

Кулеба тек бірлесе әрекет ету арқылы ғана «басқыншылықты» тоқтатып, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалпына келтіруге болатынын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар