Иран АҚШ күштеріне жасалған шабуылмен қатысының болмағанын алға тартуда

Иранның «IRNA» ресми ақпарат агенттігі елдің БҰҰ-дағы өкілдігінің мәлімдемесіне орын берді.

2094447
Иран АҚШ күштеріне жасалған шабуылмен қатысының болмағанын алға тартуда

Иранның Америка Құрама Штаттарының Сирия-Иордания шекарасындағы күштеріне жасалған шабуылына байланысты аймақтағы қарсыласу топтарының әрекеттерінде Тегеранның бұйрық алмағандарын білдірді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Кенанидің осы мәселеге байланысты жазбаша мәлімдемесі министрліктің интернет сайтында жарияланды.

Кенани мәлімдемесінде «Аймақтағы қарсыласу топтары шешімдері мен әрекеттерінде Ираннан нұсқау алған жоқ» деді.

Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы (БҰҰ) өкілдігі «Америка Құрама Штаттарының Сирия-Иордания шекарасындағы күштеріне жасалған шабуылмен ешқандай байланысының болмағанын жариялады.

Иранның «IRNA» ресми ақпарат агенттігі елдің БҰҰ-дағы өкілдігінің мәлімдемесіне орын берді.  

Мәлімдемеде «Иранның бұл шабуылмен ешқандай байланысы жоқ. Бұл қақтығыс АҚШ күштері мен аймақтағы қарсыласу күштерінің өзара кек алуы болып табылады»  делінген.

АҚШ президенті Джо Байден Иордания-Сирия шекарасындағы әскери базаға бір жақты ұшқышсыз әуе аппаратпен жасалған шабуылда 3 сарбазының қаза тапқанын хабарлаған еді. АҚШ Орталық қолбасшылығы  да шабуылда 34 сарбаздың жараланғанын мәлімдеген.

Иордания үкіметі АҚШ күштеріне шабуылдың ел аумағында емес, Сирия шекарасындағы Тенеф базасында жасалғанын хабарлаған болатын.


Этикеттер: #шабуыл , #АҚШ , #БҰҰ , #Иран

Ұқсас жаңалықтар