Израиль Қорғаныс министрі соғыста жеңетіндерін айтты

Йоав Галант бір аптада екінші рет Тель-Авивке барған АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен бірге өткізген соғыс кабинеті отырысынан кейін мәлімдеме жасады.

2052030
Израиль Қорғаныс министрі соғыста жеңетіндерін айтты

Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галант: «Бұл соғыс ұзақ және беделі ауыр болады, алайда біз жеңеміз» деді.

Йоав Галант бір аптада екінші рет Тель-Авивке барған АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен бірге өткізген соғыс кабинеті отырысынан кейін мәлімдеме жасады.

«АҚШ-тың жақсы одақтас екенін әрқашан білетіндерін, бірақ бүгін Израиль мен бүкіл әлемнің мұны өз көздерімен көргендерін» айтқан Галант Блинкен және Вашингтоннан басқа да жоғары деңгейдегі тұлғалардың Израильге келгенін атап өтті және «Америка туының Жерорта теңізінде желбіреуінің қандай мағынаға келетінін барша біледі» деп көрсетті.

Қорғаныс министрі: «Бұл соғыс ұзақ және беделі ауыр болады, алайда біз жеңеміз» деді.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы сенбі күні Израильге «Ақса тасқыны» деп аталатын жан-жақты шабуыл жасағанын хабарлаған.

Газадан Израильге мыңдаған зымыран атылған болатын.

Израиль армиясы да соғыс ұшақтарымен Газа секторына қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар