Израиль Газа секторы мен Батыс Шерияға шабуыл жасауда

Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарында 413 адам қаза тауып, 2300 адам жараланды.

2048048
Израиль Газа секторы мен Батыс Шерияға шабуыл жасауда

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде Израильдің сенбі күнінен бері Газаға жасаған шабуылдарында 78-і бала, 41-і әйел 413 адамның қаза тапқаны, 2300 адамның жараланғаны білдірілді.

Мәлімдемеде сонымен қатар «Израильдің палестиналық отбасыларға қарсы жасаған 8 қырғында 54 адамның қаза тапқаны» баяндалса, тақырыпқа қатысты толық мәлімет берілмеді.

Израиль әскери ұшақтарының Газа секторының түрлі аймақтарына түні бойы жасаған әуе шабуылында 24 адам қаза тапты.

Газадағы ауруханалар және қауіпсіздік көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда,  Газаның Мысыр шекарасына жақын Рафах қаласындағы Әбу Хилал отбасының үйіне Израиль әскери ұшақтарының жасаған әуе шабуылы кесірінен 18 адам қаза тапты.

Қаланың Бейт Лахье аймағындағы кейбір отбасылардың үйлерін әуеден бомбалау салдарынан 1 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жараланды.

Израиль соғыс ұшақтары Газаның шығысындағы Шучайе көшесінде Хамас қозғалысының негізін қалаушылардың бірі және саяси бюро мүшесі Равхи Муштаханың үйіне де әуе шабуылын жасады.

Газадағы қарсы топтар Израиль армиясының Газаға жасаған әуе шабуылына зымыранмен тойтарыс берді.

Израиль армиясы Газаға әуе шабуылдарын жүргізумен қатар  Батыс Шерияға да шабуылдарын арттырды.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі  сенбі күнінен бері Иерусалим, Әл-Халил, Рамалла, Иерихон, Наблус сияқты Батыс Шериядағы қалалар мен елді мекендерде Израиль армиясы тарапынан жасалған шабуылы салдарынан 14 палестиналықтың қаза тапқанын хабарлады.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы сенбі күні Израильге «Ақса тасқыны» деп аталатын жан-жақты шабуыл жасағанын хабарлады. 

Израиль армиясы да соғыс ұшақтарымен Газа секторына қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялады.

Қырғын соғыста екі жақтан да көп адам қайтыс болды.

 



Ұқсас жаңалықтар