"Армения Қарабахтың Әзербайжан жері екенін мойындайды"

Путин Армениямен қарым-қатынасқа тоқталды.

2036304
"Армения Қарабахтың Әзербайжан жері екенін мойындайды"

Ресей президенті Владимир Путин Армения әкімшілігінің Әзербайжанның Қарабахтағы билігін қабылдағанын білдірді.

Арменияның Америка Құрама Штаттарымен бірге жүргізген әскери жаттығуына орай Путин Арменияның Ресеймен байланысын үзгені туралы сөздерді жалғанға шығарды. Путин «Армян билігі Чехияның бас қаласы Прагада қол қойылған құжат арқылы 1991 жылғы шекараларды қабылдағанын білдіріп, Қарабахтың Әзербайжан жері екенін мойындады» деді.

«Егер Армения Әзербайжанның Қарабахтағы билігін мойындаған болса, Қарабахтың мәртебесін талқылаудың мағынасы жоқ. Қарабахтың жағдайын Ереван өзі айқындады» деді ол.

Армениямен ешбір проблемалары жоқтығын білдірген орыс басшы «Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен әрдайым байланыстамыз» деді.

Ереван әкімшілігі Мәскеуді әрі Арменияға, әрі Таулы Қарабахтағы этникалық армяндарға деген жауапкершіліктерін орындамады деп айыптап отыр.



Ұқсас жаңалықтар