Дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы келісімге келуі мүмкін

Бұл туралы Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэн мәлімдеді.

2023239
Дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы келісімге келуі мүмкін

Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэн Сауд Арабиясымен дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы келісімге келу мүмкін екенін айтты.

«Yedioth Ahronot» газетінің интернет-хабар сайты «Ynet-ке» сөйлеген Коэн Израиль мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтірудің «жақын» екенін мәлімдеді.

«Келісім Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) мүддесіне де сәйкес келеді» деп отырып Коэн: «(АҚШ президенті Джо) Байден әкімшілігі 2024 жылғы президенттік сайлауға дейін саяси табысқа жетуді қалайды» деді.

«Америкалықтар экономикаға да қызығушылық танытады және АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы келісім энергия шығындарын төмендетуі мүмкін. Саудиялықтар да Иранға қарсы қорғаныс іздейді» деді ол.

«Біз Америка Құрама Штаттарының, Сауд Арабиясының және Израильдің мүдделері тоғысатын кезеңде тұрмыз, сондықтан шығып жатқан хабарлар жұрыс секілді», - деді Коэн.



Ұқсас жаңалықтар