АҚШ-тағы еврей ғалымдары ортақ декларация жариялады

Декларацияда палестиналықтардың "апартеид" режимінде өмір сүргені атап көрсетілді.

2021698
АҚШ-тағы еврей ғалымдары ортақ декларация жариялады

Әлемдегі жүздеген еврей оқытушы-профессор Израильдің Палестина жерлерін ондаған жылдар бойы оккупациялауын «апартеид» (бөлшектеу) режимі екеніне баса назар аударатын декларация жариялады.

Желіде жарияланған декларацияға 417 еврей текті АҚШ-тық ғалымдар мен бүкіл әлемдегі израильдіктер қол қойды.

Палестина халқының «дауыс беру мен наразылық білдіруге қоса құқықтарының барлығынан айырылғаны» және «апартеид режимінде өмір сүріп жатқаны» атап көрсетілген декларацияда «Палестиналықтар үнемі зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келеді. Тек биылғы жылдың өзінде Израиль күштері 190-нан астам палестиналықты өлтіріп, Шерияның батысы мен Газа секторында 590-нан астам ғимаратты қиратты. Қоныс аударушы бандалар жазаланбайды, талан-тараж жасап өлтіреді» делінді.

Декларацияда «Палестиналықтар «апартеид» режимінде өмір сүріп жатқанда, Израиль еврейлер үшін демократиялық ел бола алмайды» делінді.

Израильде әсіре радикал оңшылдардың күшейгеніне назар аударылған декларацияда америкалық еврей текті миллиардер, қаржыгерлердің де Израильдің әсіре оңшылдарын қолдайтынына назар аударылды.



Ұқсас жаңалықтар