Блинкен Лондонда кездесулер өткізді

Энтони Блинкен Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Ұлыбритания және Еуроодақ елдері өкілдерімен кездесті.

2002988
Блинкен Лондонда кездесулер өткізді

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен "Үлкен-7" елдерінің және  Еуропалық Одақ (ЕО)елдерінің  өкілдерімен кездесті.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Блинкеннің Украинаны қалпына келтіру конференциясы үшін барған Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда кездесу өткізгені атап өтілді.

Мәлімдемеде Блинкеннің Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Ұлыбритания және ЕО өкілдерімен кездесуінде тараптар «Ресейдің сұрапыл соғысына қарсы Украинаны қолдаудың маңыздылығын» атап өткені ббілдірілді.

Блинкеннің өткен аптадағы Қытайға сапары туралы да ақпарат берген мәлімдемесінде:

"Үлкен-7 елдері Қытайға қатысты тығыз координацияның маңыздылығына сілтеме жасап, береке-бірлік ішінде екенін анықтады" деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар