Путин Херсон және Луганск облыстарында болды

Мәлімдемеде Путин сапарлардың қашан жасалғаны туралы ақпарат берілмеді.

1976516
Путин Херсон және Луганск облыстарында болды

Ресей президенті Владимир Путин елінің Украинада заңсыз аннексиялап алған Херсон және Луганск облыстарында болды.

Кремльден жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Путин Херсон қаласына барып, «Днепр» жауынгерлік тобының штаб-пәтерін аралады.

Херсон және Запорожье облыстарындағы жағдай туралы ақпарат алған Путин Луганск облысына барып, осындағы «Восток» жауынгерлік тобының штаб-пәтерінде болып, аймақтағы жағдай туралы әскери қызметкерлермен кездесті.

Мәлімдемеде сапарлардың қашан жасалғаны туралы ақпарат берілмеді.

Херсон және Луганск облыстарына алғаш рет барған Путин 18 наурызда Донецк облысындағы Мариуполь қаласына барған еді.



Ұқсас жаңалықтар