10 жасар Али Джем зардап шеккендерге 2 мың еуро жіберді

Голландияда тұратын 10 жасар Али Джем зілзаладан зардап шеккендер үшін 2 мың еуро жіберді.

1950831
10 жасар Али Джем зардап шеккендерге 2 мың еуро жіберді

Голландияда тұратын 10 жасар Али Джем эпицентрі Кахраманмараштағы  жер сілкінісінен кейін  пластик бөтелкелерді жинап зілзаладан зардап шеккендер үшін 2 мың еуро жіберді.

Түркияның Девентердегі Бас консулдығының әлеуметтік медиа аккаунтында Бас консул Муаммер Хакан Дженгиздің 10 жасар Али Джемге алғыс айту үшін барған суреті жарияланды.

Түркияның Голландиядағы төтенше және өкілетті елшісі Селчук Үнал  да Цутфен қаласында тұратын Джем мен оның отбасына телефон арқылы хабарласып, оған алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар