Испания және Франциядағы орман өрттері

Ферреруэла қаласында орман өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапты.

1856283
Испания және Франциядағы орман өрттері

Испанияның солтүстік-батысындағы Самора провинциясындағы Ферреруэла қаласында орман өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапты.

Бұл туралы Испания премьер-министрі Педро Санчес әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. “Менің ойым бүгін түнде Ферреруэлада өртті сөндіруге тырысып қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасы мен әріптестерімен. Жалын алдында аянбай күрескендердің ерен еңбегі үшін алғысымызды білдіруге  сөз жоқ” деді ол.

Осы арада ел көлемінде 5 күннен бері жалғасқан орман өртінде 30 мың гектар жердің күлге айналғаны, 3 мың 200 адамның эвакуацияланғаны жарияланды.

Францияның Бордо қаласының оңтүстігінде де 5 күннен бері жалғасып жатқан орман өрттерімен күрес жүргізілуде.

Қаланың Жиронде аймағындағы орман өрті салдарынан 13 мың гектар жердің күлге айналғаны айтылып, 16 мың адамның эвакуацияланғаны жарияланды.

Португалиядағы орман өрттерінің бақылауға алынғаны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар