Путин мен Пашинян телефонда сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.

1853023
Путин мен Пашинян телефонда сөйлесті

Ресей президенттік сарайы Кремльден жасалған мәлімдемеге қарағанда Ресей, Әзербайжан және Армения арасында 2020 жылдың қарашасында, 2021 жылдың қаңтар және қарашасында қол қойылған келісімдердің орындалуы талқыланды.

Әзербайжан мен Армения шекарасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Оңтүстік Кавказда экономикалық және көлік байланыстарын қалпына келтіру туралы пікір алмасылған кездесуде Пашинян Путинге Армения мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру үшін соңғы кездегі байланыстар туралы ақпарат берді.

 



Ұқсас жаңалықтар