Жапония мен Қытай қарым-қатынасы жақсы емес

Конг Шуаню "Жапония Қытайға қарсы дұшпандық әрекет жасаған жағдайда, екі ел қарым-қатынасы бұзылуы мүмкін" деді.

1819605
Жапония мен Қытай қарым-қатынасы жақсы емес

Қытайдың Жапониядағы өкілетті және тұрақты елшісі Конг Шуаню "Жапония Қытайға қарсы дұшпандық әрекет жасаған жағдайда, екі ел қарым-қатынасы бұзылуы мүмкін" деді. 

Елші Конг Шуаню "Жапония-Қытай қарым-қатынастарының қалыпқа түсуінің 50-шы жылдығына" орай ұйымдастырылған семинарға видео конференция әдісімен қатысты. 

Елші Конг Шуаню Жапония үкіметінің Қытай тақырыбында Америка Құрама Штаттарымен қою байланысының болғанын, бұған Бейжіңнің қатты мазасыз екенін білдірді. 

Елші Конг Шуаню "Жапонияда кейбір адамдар Қытайды жақсы көрмейді. Тіпті Қытайды дұшпан ретінде қарауда" деді. 

Екі ел қарым-қатынасының ойдағыдай емес екенін түсіндірген Конг Шуаню "Қазір екі елдің қарым-қатынасы тоғыз жолдың торабында тұр" деді. 

Елші Конг Шуаню Жапония мен Қытайдың өзара сауда байланыстарын"бір-бірінен айрылмайды" деп түсіндірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар