Қақтығыс аймақтарынан эвакуация жалғасуда

Верещук 2824 адамның эвакуацияланғанын мәлімдеді.

1810215
Қақтығыс аймақтарынан эвакуация жалғасуда

Украина премьер-министрінің орынбасары Ирина Верещук бір тәулікте қақтығыс болған аймақтардан 2824 адамның эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Әлеуметтік желіде жариялаған видеода Верещук Украинада қақтығыстар болған жерлерден бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады.

Эвакуациялауды жалғастырғандарын айтқан Верещук:

"Бүгін қауіпті аймақтардан 2824 адам эвакуацияланды. Күні бойы Мариуполь мен Бердянсктен жеке көліктерімен және автобустар арқылы 2622 адам Запорожье қаласына жетті. Олардың 213-і Мариуполь қаласынан, қалғандары Полохи, Васильевка, Мелитополь және Бердянск қалалардан көшірілді. Луганск облысынан атылған оққа қарамастан, Лысычанск, Северодонецк, Рубижне, Попасна және Креммина қалаларынан 202 адам эвакуацияланды» деді.

Ол эвакуацияға жіберілген автобустардың кейбірін Ресей әскери күштерінің бөгеп тұрғанын айтты.

Украина Бас штабы Ресейдің Украинадағы әскери бөлімдерін күшейткенін алға тартты. Мәлімдеме «Ресейде әскери бөлімдерді көшіру, басқару жүйесін күшейту, әскерлерді материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету шаралары қолға алынуда» деп айтылды.

Ресейдің шығыс және орталық әскери аймақтарынан Украина шекарасындағы Белгород, Воронеж және Курск облыстарына әскери бөлімдердің орналастырылғаны алға тартылды. "Басқыншылар Харьков қаласын ішінара қоршауды жалғастыруда. Харьков қаласы үшін шайқастардың күшеюі ықтимал" деп айтылды.

Украинаның Луганск облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Гайдай Ресей армиясы Донбасс аймағын түгел басып алуға тырысып жатқанын айтты. Ол  алдағы уақытта Донбас үшін қақтығыстардың күшейетінін мәлімдеді. «Біз аймақта әскери күш пен техниканың жинақталып жатқанын көріп отырмыз. Біз де  соған дайындалып жатырмыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар