Ресей жаңа шабуыл жасауға дайындалуда

Ресей әскер шығын санының 18 мың 600-ге жеткені баяндалды.

1808495
Ресей жаңа шабуыл жасауға дайындалуда

Украина Бас штаб басқармасы орыс армиясының Донецк пен Луганск аймақтары және Мариуполь қаласында толыққанды үстемдік орнату үшін Украинаның шығысына шабуыл жасауға дайындалғанын білдірді. 

Бас штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеде 24 ақпанда Украинаға шабуыл басталғаннан осы таңға дейін Ресей әскер шығын санының 18 мың 600-ге жеткені баяндалды. 

Орыс армиясының бір күн ішінде 6 елді мекенге жасаған шабуылдарының табыссыз болғаны баяндалған мәлімдемеде Украина әскерлерінің Херсон аймағындағы Осакаровка елді мекендерінің бақылауынан кері қадам басқаны атап өтілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар