Псаки коронавирус жұқтырып алған

Джен Псакидің коронавирус жұқтырып алғаны хабарланды.

1800399
Псаки коронавирус жұқтырып алған

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің коронавирус жұқтырып алғаны хабарланды.

Псаки жазбаша мәлімдемесінде: "Бүгін таңертең еуропалық сапарға дайындық аясында мен ПТР сынамасынан өттім. Сынақтың нәтижесі оң болып шықты. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) нұсқауларына сәйкес, мен АҚШ президенті Джо Байденнің еуропалық сапарына қатыса алмаймын деген мағынаға келеді» деді.

Кеше Байденмен әлеуметтік қашықтықты сақтап 2 кездесуге қатысқанын, бірақ CDC ережелеріне сәйкес Байденмен «жақын байланыс» жасамағанын айтқан Псаки Байденнің сынағының жағымсыз нәтиже бермегенін білдірді.

Псаки  «Вакцинаның арқасында менде симптомдар өте жеңіл. Ақ Үйдің Ковид-19 хаттамаларына сәйкес үйден жұмыс істеймін және 5 күннен кейін сынақ теріс нәтиже берсе жұмысқа қайта ораламын» деді.

Баспасөз хатшысы Псаки 31 қазанда да коронавирус жұқтырып, Байденнің Еуропа сапарына қатыса алмап еді.



Ұқсас жаңалықтар