Ресейдің әрекеті-"мемлекеттік террор"

Збигнев Рау: "Қылмыскерлер не істегеніне қарай, ал біз қалай жауап беретінімізге қарай тергелеміз" деді.

1795348
Ресейдің әрекеті-"мемлекеттік террор"

Еуропа Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының кезекті төрағасы және Польшаның Сыртқы істер министрі Збигнев Рау Ресейдің Украинаны жаулауы, бейбіт халықты және азаматтық инфрақұрылымдарды нысанаға алуы "мемлекеттік террор" екенін айтты.

Збигнев Рау Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесіндегі брифингінде Ресейдің Украинаны жаулап алуын айыптады.

Ресей шабуылдарын тоқтату моральдық жауапкерлік екенін айтқан және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде шабуылды тоқтатуға шақырған Збигнев Рау:

"Қылмыскерлер не істегеніне қарай, ал біз қалай жауап беретінімізге қарай тергелеміз" деді.

Мектептердің, ауруханалардың нысанаға алынғанын және Ресейдің халықаралық келісімдермен шектелген қаруларды қолданғанын айтқан Рау Ресейдің Украинаны жаулауы, бейбіт халықты және азаматтық инфрақұрылымдарды нысанаға алуы "мемлекеттік террор" екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар