НАТО Қорғаныс министрлері бас қосады

Отырысқа НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг төрағалық етеді.

1792178
НАТО Қорғаныс министрлері бас қосады

НАТО елдерінің Қорғаныс министрлері Ресейдің Украинаға шабуылына байланысты оқиғаларды бағалау үшін келесі аптада кезектен тыс жиналыс өткізеді.

НАТО Қорғаныс министрлерінің жиналысы 16 наурызда телекөпір арқылы өтеді.

Отырысқа НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг төрағалық етеді.

Батыс елдері мен Мәскеу арасындағы шиеленістің күшеюі, қараша айынан бері Ресейдің Украина шекарасына әскери күш жинақтауы, одан кейін Ресейдің Украинаға шабуылы салдарынан НАТО соңғы апталарда әртүрлі деңгейде кездесулер өткізді.

16-17 ақпанда НАТО штаб-пәтерінде өткен НАТО қорғаныс министрлерінің кездесуінен кейін 25 ақпанда бейнеконференция арқылы НАТО көшбасшыларының саммиті өтті.

Соңғы рет 4 наурызда НАТО елдерінің сыртқы істер министрлері Бельгияның астанасы Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде бас қосты.



Ұқсас жаңалықтар