Украинадан Еуропа Одағына көш сценарийлері талқылануда

Украинаның Еуропа Одағымен арасында қысқа саяхаттар үшін виза еркіндігі бар.

1774894
Украинадан Еуропа Одағына көш сценарийлері талқылануда

Еуропа Одағы Ресей мен Украина арасында қақтығыс туылса, Украинадан Еуропа Одағы елдеріне басталатын бір көш толқыны тақырыбындағы сценарийлер жайлы жұмыстануда.

Америка баспасөзіндегі лауазымдыларға сілтеме жасалған хабарларда «Қақтығыс туылғандағы сценарийлер» жөніндегі межелер Еуропа Одағы комиссиясы мәлімдемешілерінің  күнделік баспасөз жиналысында талқыланғаны білдірілді.

Ресейдің Украинаға әскери килігуі жағдайында миллиондаған украиналықтың Польшаны қамтыған Еуропа Одағы елдерін паналайтынын межелеген Еуроодақ лауазымдылары мүмкіндіктер мен нақтылы жағдайларды бағаландырғандарын айтты.

Еуропа Одағы комиссияның бас өкілі Эрик Мамер:

"Еуропа Одағы әрқандай бір оқиғаға дайындық жасау мақсатымен ықтималдарды, мүмкіндіктерді, түрліше сценарийлерді талқылауда" деді.

Еуроодақ лауазымдылары қазір шекарада көш жайлы әрекет болмағандықтан орынсыз қауесеттерді қаламайтындарын жеткізді.

Украинаның Еуропа Одағымен қысқа саяхаттар үшін виза еркіндігі бар.

Еуропа Одағы комиссиясының көші-қонға жауапты мәлімдемешісі Анитта Хиппер қажетті деп қалаған жағдайда виза еркіндігін тоқтату механизмдері бар екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар