Олаф Шольц Ресей мен Украина арасындағы дағдарысқа тоқталды

Германия премьер-министрі Олаф Шольц "Ресей Украинаға кіретін болса, онда Ресей үлкен шығын төлейді" деді.

1767233
Олаф Шольц Ресей мен Украина арасындағы дағдарысқа тоқталды

Германия премьер-министрі Олаф Шольц Ресейдің Украинаның шығысына әскер жинауының Еуропа қауіпсіздігі мен бейбітшілігі үшін үлкен бір қауіп екенін айтты. 

Шольц "Süddeutsche Zeitung" газетіне жасаған мәлімдемесінде Ресей мен Украина арасындағы дағдарысқа тоқталды. 

Олаф Шольц "Украилдағы жағдай өте күрделі. Ресей тарапынан Украина шекарасына көптеген әскер жинауына немқұрайды қарай алмаймыз. Бұл жағдай Еуропаның қауіпсіздігі мен бейбітшілігі үшін үлкен қауіп" деген сөздер қолданды. 

Қырымның Ресей тарапынан жаулап алынғанын түсіндірген   Шольц "Шығыс Украинадағы жағдай өте қауіпті" деді. 

Германия премьер-министрі Олаф Шольц "Ресей Украинаға кіретін болса, онда Ресей үлкен шығын төлейді" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар