Талибан 31 тамыздан кейін де эвакуациялауға рұқсат береді

Бас хатшы  Энтони Блинкен елден кеткісі келген ешбір АҚШ азаматын және отбасын артқы жаққа тастамайтынын білдірді.

1697578
Талибан 31 тамыздан кейін де эвакуациялауға рұқсат береді

Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Талибанның 31 тамыздан кейін де Ауғанстаннан кеткісі келген америкалықтарға және қауіп төнген ауғандарға рұқсат беретінін айтты. 

Блинкен министрлікте ұйымдастырылған баспасөз жиналысында Ауғанстанда жалғасқан эвакуациялау жұмыстарға байланысты мәлімдеме жасады. 

 Энтони Блинкен елден кеткісі келген ешбір АҚШ азаматын және отбасын тастамайтынын білдірді. 

"31 тамыздан кейін де Ауғанстаннан кеткісі келген америкалықтарды эвакуациялау біздің міндетіміз" деген Блинкен Талибанның 31 тамыздан кейін де кеткісі келген америкалықтарға, басқа елдің азаматтарына және қауіп төнген ауғандарға рұқсат беретінін жариялады. 

31 тамыздан кейін де ауған халқын ұмытпайтындарын түсіндірген Блинкен халықаралық ұйыммен бірге қолынан келгенін істейтіндерін баяндады. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар