Ауғанстанда әскери тікұшақ құлады

Апатта үш адам қаза тапты.

1654461
Ауғанстанда әскери тікұшақ құлады

Ауғанстанның Майдан Вардак уалаятында Чегату ауданында бір әскери тікұшақ құлады. Апатта үш адам қаза тапты.  Бір кісі жарақат алды.

Құлаған тікұшақтың Mi-17 типті әскери тікұшақ екені хабарланды. Қорғаныс министрлігі апатта тікұшақтағы үш адамның қаза тапқанын,  бір кісінің жарақат алғанын білдірді.

Талибан тікұшақты сарбаздардың атып құлатқанын алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар