Палестинада шейіт болған адам саны 230-ға ұласты

Израиль армиясының қырғыны жалғасуда.

1642297
Палестинада шейіт болған адам саны  230-ға ұласты

Израильдің жаулауы астындағы Газа секторына жасалған жабуылдарда тағы бір палестиналық әйел көз жұмды. Осылайша шейіт болған адам саны 230-ға ұласты. 

Израиль соғыс ұшақтары Газа секторының оңтүстігіндегі Рефах және Хан Юнус қаласына аяусыз шабуыл жасауда. 

Израиль соғыс ұшақтарының Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнус қаласындағы бір ғимараттты нысанаға алуы кесірінен жарақат алғандардың болғаны білдірілді. Шабуылдарда Хан Юнустың маңында және Рефах қаласының Шабура аймағында орын алған екі үй зақымдалды. 

Израиль соғыс ұшақтары Джибалия босқын лагеріндегі Шүхеда алаңын да бомбалады. Сонымен қатар Газаның оңтүстігінде Рефах және Дейр эль-Балахта орын алған Палестина қозғалыс топтарына тиесілі үші нысананы бомбалады. 

Израиль армиясы түнгі уақыттарда да жаулау астындағы Батыс Шерияның көптеген аймақтарында және Иерусалимде 60 палестиналықты тұтқындады. 

Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарда 10 мамырдан осы таңға дейін 65-і бала жиыны 230 адам шейіт болды, 1 мың  620 адам жарақат алды. 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар