АҚШ Ресейді Қырым аннекциясынан бас тартуға шақырды

АҚШ Ресей кері шегінбесе АҚШ-тың санкцияларын жалғастыранын атап көрсетті.

1582191
АҚШ Ресейді Қырым аннекциясынан бас тартуға шақырды

АҚШ-тың БҰҰ Тұрақты өкілеттігінің саяси координаторы Родни Хантер Ресей Украинаның шығысындағы жікшіл топтарға қолдауын тоқтатып, Қырымды аннексиясын аяқтамайынша, санкциялар жалғасатынын мәлімдеді.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Украинаның шығысындағы оқиғаларды талқылаған отырыста сөз алған Хантер Ресейге аймақтағы «шабуылдаушы ұстанымын доғаруға» және Қырымды аннексиялаудан бас тартуға шақырды.

Егер Ресей кері шегінбесе, АҚШ-тың санкциялары жалғасатынын атап көрсеткен Хантер Ресейді 100-ден астам украиналық саяси тұтқынды босатуға және Қырым татарлары мен оккупацияға қарсы шыққандарды қорқыту саясатын тоқтатуға шақырды.

Украинаның шығысындағы Донбасс аймағында 2014 жылдан бері тәуелсіздік жариялаған ресейшіл жікшілдер мен украин әскерлері арасында қақтығыстар жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар