Түрік қарулары Ұлыбританияға үлгі болуда

Ұлыбритания Әзербайжанның Арменияға қарсы жүргізген соғыстың жеңісінен кейін қарулы ұшқышсыз әуе көлігінің жаңа бір бағдарламасын бастайтын болды.

1554649
Түрік қарулары Ұлыбританияға үлгі болуда

Ұлыбритания медиасындағы хабарда Түркияның осы саладағы табысының қадаланып отырылғаны және "Bayraktar TB2"-нің ергей-тегжейлі зерттелгені білдірілді. 

Бұл хабар Ұлыбританияда шығатын "The Guardian" газетінде жарияланды. 

Хабарда қорғаныс лауазым иелерінің Әзербайжанның 6 апталық соғыста Түрік қарулы ұшқышсыз әуе көліктерін қолдануы себепті армяндардың жеңіліске душар болуында маңызды рөлінің болғаны түсіндірілді. 

Ұлыбританияның 2021 жылының бастарында жарияланатын 5 жылдық қорғаныс бюджетінің бір бөлшегі ретінде тіпті арзан қарулы ұшқышсыз әуе көліктерді жасағысы келгені баяндалды. 

"Bayraktar TB2"-нің 150 километр қашықтыққа дейін оқ ату күшіне ие екені және аспанда 24 сағат қала алатыны үлгі ретінде көрсетілді. 

Түркияның қарулы ұшқышсыз әуе көліктерімен аймақтағы тепе-теңдікті өзгерткені атап өтілді. 

Ұлыбритания Қорғаныс министрі Бен Баллас 11 желтоқсанда Түркияның ұшқышсыз әуе көліктерін, қарулы ұшқышсыз әуе көліктерін және әуе қорғаныс жүйелерін Сирия, Ливия және басқа жерлерде қолданылуының үстемдік жаратқанын түсіндіріп, Түркияның жаңа буын қарулы ұшқышсыз әуе көліктерін үлгі ретінде көрсеткен еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар