Коронавирустан да үлкен эпидемия болуы мүмкін

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ескертті.

1554038
Коронавирустан да үлкен эпидемия болуы мүмкін

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы әлемді коронавирус эпидемиясынан да үлкен бір эпидемия күтіп тұрған болуы мүмкін екенін айтып ескертті.

ДДСҰ басшысы Др. Тедрос Гебрейесус Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Женевадағы орталығында видео конференция арқылы 2020 жылдың соңғы баспасөз мәслихатын өткізді.

Гебрейесус Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Қытайдың Ухань қаласында жарияланған бір бюллетень арқылы қалада «себебі белгісіз пневмония» оқиғаларының жариялануынан бері тап бір жыл өткенін айтты. Ковид-19 эпидемиясында ұйымның саясаттарын қолдап сөз сөйлеген Гебрейесус «Жаһандық ұйымшылдық қалыптастыру үшін әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған керемет ғалыммен бірге жұмыс істедік.  Күн сайын жаңа нәрселер білдік. Кейде жақсы, кейде қиын, бірақ барлығы пайдалы» деді.

Гебрейесус «Ешбіріміз бір эпидемияны жалғыз өзіміз бітіре алмаймыз,  бірақ осы эпидемияны бірге жоямыз» деді.

Баспасөз мәслихатында сұрақтарға жауап берген ДДСҰ Жедел жағдайлар бағдарламасының директоры Майк Райн болса бүгінгі күнгі әлемнің ғылым және вакцина тақырыбында жақсы жетілгенін айтты. Ол коронавирус эпидемиясының күшінің мықты болғанын және жаһандық деңгейде жылдам тарағанын айтып: «Бірақ бұл эпидемия ең үлкені емес» деді.

Ковид оқиға саны назарға алынғанда,  өлім көрсеткіштері басқа аурулармен салыстырғанда төмен екенін атап көрсеткен Райн «Бұл ескерту. Болашақта одан да қауіпті эпидемияға дайын болуымыз қажет» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар